“Жолаушылар тасымалы” акционерлік қоғамының ұжымы Алматы облысының Ақсу ауданына қарасты “Қызылағаш” елді мекенінде бөгеттің бұзылып кетуінің кесірінен қаза болғандарға көмек көрсету мақсатында жергілікті жерлердегі филиалдарымен желілік байланыс жасай отырып, жалпы жиналыс өткізді. Онда қоғам президенті Байдалы Дәрімбетов қаза болғандардың отбасыларына теміржолшылар атынан қайғырып көңіл айтты. Бір күндік жалақыларын осынау тасқында жапа шеккендердің отбастарына аудару жөнінде бастама көтерді. Тек Қызылағаш ауылы ғана емес, баршаның қайғысына айналған оқыс оқиғаны түсінген көпшілік бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
“Егемен-ақпарат”.