Бұл туралы Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратованың Академияның 2018-2019 оқу жылының қорытындысы туралы елге есеп берген кезінде қуана мәлімдеді.
Алтынай Әбдуахимқызы Асылмұратова жұмыс нәтижесі, Академияның әртүрлі даму аспектілері, жетістіктері және шығармашылық білім беру процесінде туындаған мәселелер жөнінде баяндап берді, сонымен қатар еліміздің жетекші хореографиялық жоғары оқу орны алдында болашақта тұрған міндеттер туралы атады.
Үш жылдық жұмыс барысында Академия шәкірттері елорданың ең үздік сахналарында ойдағыдай өнер көрсетіп жүр. Тек 2018-2019 оқу жылының ішінде ғана олар 30 спектакль мен 32 концертке қатысып, «Tanzolymp» Халықаралық би фестивалі (Германия), Халықаралық хореография конкурсы (Италия), «Рига көктемі - 2019» XV халықаралық хореография конкурсы (Латвия), Латынамерикандық билер бойынша ADSF Чемпионаты (Гонконг, Қытай), «Baltic Grand Prix-2018» халықаралық турнирі (Латвия), Р.В.Захаров атындағы «Мария» халықаралық жас хореографтар конкурсы (Ресей), халықаралық би өнері конкурсы (Қытай) сияқты және басқа байқауларда 16 жоғары жүлдеге ие болды.
Есепті жылдағы маңызды оқиғаның бірі Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен Шара Жиенқұлова атындағы V Республикалық конкурс болды (наурыз, 2019 ж.). Бұл ұлттық би мерекесі республикадағы 11 ұжым мен 17 жеке орындаушылардың басын қосты. Конкурсқа қатысушылардың жалпы саны 300 адамнан асты.
Өз баяндамасының соңында ректор Еуропалық Одақтың жобаларына қатысу жөніндегі Академияның тағы бір жетістігімен бөлісті. Академия алғаш рет Еуропалық Одақтың гранттар конкурсына қатысып, Эразмус+ қоры желісі бойынша Италия және Эстония елдерінің 2 грантына ие болды. Грант негізінде Академия студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы Рим қаласының (Италия) Ұлттық би академиясында және ТАРТУ (Эстония) Таллин ұлттық университетінде оқытудан өтеді. Бағдарлама 3 жылға арналған. Жоба 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап іске асырылады.