Өкінішке орай, бүгінгі таңда қай елде болса да әйелдер арасында гинекологиялық қатерлі ісік түрлері көбейіп тұр. Жыл сайын Қазақстанда 1800-ге жуық адам жатыр мойны обырына шалдығады. Бұл кеселден жылына 600-ге жуық әйел көз жұмады. Ал Еуропалық Одақта сағат сайын 2 әйел ЖМҚІ салдарынан өмірден озады. Жатыр мойны обыры – онкологиялық аурулардың ішінде 2 орынға шықты.
Сондықтан да 20 қыркүйек гинекологиялық қатерлі ісіктен хабардар етудің халықаралық күні болып жарияланып, ESGO мен ENGAG қатерлі ісікпен күрес жөніндегі халықаралық ұйымдары 20-дан астам елді GODay, яғни – гинекологиялық қатерлі ісіксіз әлем атты бірлескен әрекетке шақырып отыр.
Өйткені тек 2018 жылы әлемдегі 1,3 миллионнан астам әйелде гинекологиялық қатерлі ісік бар екендігі анықталған: шамамен 44%-ы жатыр мойны қатерлі ісігі, аналық без қатерлі ісігі 23%, 29%-ы эндометриялық рак пен қалған 5% -ы рактың сирек кездесетін басқа түрлері.
Мамандардың айтуынша біздің елімізде де гинекологиялық қатерлі ісіктің ең жиі кездесетін түрлері: жатыр мойны обыры, аналық без обыры, эндометрия обыры және сарпай (вульва).
Мәселен, 2018 жылы бүкіл әлемде гинекологиялық рактан 468 000 әйел қайтыс болған. Қайғылы оқиғалардың 67%-ы жатыр мойны обырының үлесінде. Демек, гинекологиялық қатерлі ісік туралы әйелдердің жалпы хабардарлық деңгейі әлі де айтарлықтай төмен екендігі анық болып отыр.
Ендігі жерде Халықаралық GO күні әйелдер арасында қатерлі ісікке қарсы «GO for…Awareness, Action, Hope, Life» Халықарлық компаниясы да бұл үдеріске қосылып, әлемнің 20 мемлекетінде бір мезетте 20 қыркүйек күні обырдың пайда болу себептері мен мен белгілері, сондай-ақ ісікке қарсы шаралар легін кеңінен насихаттауды қолға алады.
«Осы бастама арқылы біз басқа да мүдделі тараптармен, насихаттау топтарымен ықпалдаса отырып, ақпараттану деңгейін арттыра аламыз және гинекологиялық қатерлі ісіктердің алдын алу мен ерте анықтауды жақсарта аламыз деп үміттенеміз. Дүниежүзілік GO күні – бұл бүкіл әлемдегі әйелдердің өмір сүру деңгейі мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бірлескен жаһандық күш-жігер», – дейді Еуропа әйелдерінің гинекологиялық (гениталды және ЖМҚІ) қатерлі ісігімен өмір сүру мен өмір сүру сапасын жақсартуға арналған гинекологиялық қатерлі ісік жөніндегі Еуропаның жетекші ұйымы болып табылатын ESGO президенті Денис Керлей.