• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Экономика 26 Қыркүйек, 2019

Мемлекет коллекторлық ұйымдардан алынған қарызды өтеп бермейді

521 рет
көрсетілді

Мұны бүгін Алматыдағы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов алматылықтардың тағы да есіне салды: Коллекторлық компанияға өтіп кеткен несиелер де әл-ауқаты төмен болса да  кешірілмейді.

Сондай-ақ коллекторлық компанияға өтіп кеткен несиелер де кешірілмейтіні осы жиында белгілі болды.    

«Осы ағымдағы жылдың 1 маусымға дейін оның алған несиесі 3 000 000 теңгеден аспауы керек және де оған жалпы өкімет тарапынан төленіп беретін ақшаның соммасы 300 000 теңгеден аспайды. Енді бір отбасыдан екі адам алған жағдай болса, бөлек-бөлек әрқайсысының жаңағы несиесі 3 000 000-нан аспайтын болса, талаптарға сай келетін болса, ол екеуіне де 300 - 300 мың теңгеден 600 000 теңге несиесі жабылып береді» деді Алматы қаласы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов.

Естеріңізде болса, Қаржы министрі Әлихан Смайлов Үкіметте өткен селекторлық жиында Премьер-Министрдің орынбасары әрі Қаржы министрі Әлихан Смайылов коллекторлық бюроға өткен кредиттерді мемлекет қандай жағдайда төлейтінін түсіндірген болатын.

Кейбір кредиттер коллекторларға берілсе де, банктің балансында қала беретіні белгілі. Мұндай жағдайда қарыздың айыппұлы мен өсімпұлы, сондай-ақ, тұрмысы төмен азаматтардың берешегі 300 мың теңгеге дейін өтеледі. Ал егер кредит толығымен коллекторлық бюроға  өтіп  кеткен жағдайда  ешқандай көмек болмайды. Бұл азаматтар қарызды да, айыппұлды да өздері төлейді. Оған мемлекет араласа алмайды.

«Банктер мен микроқаржыландыру ұйымдары коллекторлармен жұмыс істеген кезде дебиторлық берешекті сатуы да, сатпауы да мүмкін. Бірінші жағдайда банктер сотқа жүгінбей тұрып, коллекторларға берешекті қайтаруға тапсырма береді. Ондайда дебиторлық берешек банкте қала береді. Сондай берешекті біз өтейміз. Ал дебиторлық берешек коллекторлық агенттікке сатылған кезде, ол банкте қалмайды. Жарлыққа сәйкес банктер мен микроқаржыландыру ұйымдарының балансында тұрған кредит ғана өтеледі» деген болатын Әлихан Смайылов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Осыған дейін қарыз бойынша талап ету құқығы коллекторлық агенттікке емес, банкке немесе микроқаржы ұйымына тиесілі болса, 300 мың теңгеге дейіні өтелетіні, қарыз бойынша құқық (талаптар) коллекторлық агенттікке сатылған (қайта берілген) болса, берешекті мемлекеттің өтемейтіні талай рет айтылған.

Сол мәселені бүгін Алматы қаласы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов тағы да еске салып отыр.

Себебі осы мәселеде түсінбестіктер жиі болып тұрады екен.  

 

 

АЛМАТЫ