• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қыркүйек, 2019

Иордания ханшайымы Дина Майред Қазақстанға келеді

615 рет
көрсетілді

Алдағы 15-17 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Hilton Expo Hotel» мен «Expo Астана» Конгресс орталығында Онкологиядағы Бүкіләлімдік көшбасшылар Саммиті (World Cancer Leaders' Summit 2019) өтеді.

Биылғы Саммиттің тақырыбы – «Обыр және денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту». Обырды анықтау, емдеу және күтім көрсету Денсаулық сақтау қызметтерімен (UHC) жалпыға бірдей қамтуды енгізу жөніндегі жаһандық амбицияның бір бөлігі ретінде қаралатын әртүрлі әдістерге шоғырланатын болады.

Саммит жұмысына қатерлі ісікке қарсы күрестің 350-ден астам негізгі көшбасшылары қатысады – бұл жоғары лауазымды әлемдік көшбасшылар, мемлекет басшылары, денсаулық сақтау министрлері, бірінші ханымдар мен корольдік отбасылардың мүшелері, қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдарының, дүниежүзілік ұйымдардың басшылары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

Елордада өтетін жаһандық жиынға UICC Президенті, Оның Корольдік Жоғары Мәртебелісі, Иордания ханшайымы Дина Майред, Обырды зерттеу жөніндегі Халықаралық агенттіктің бас директоры Элизабет Вайдерпасс, Уругвай президенті – Табаре Васкес мырза, Түркия бірінші ханымы – Эмине Эрдоган, Белиз мемлекетінің бірінші ханымы – Ким Симплис Барроу, Буркина-Фасо мемлекетінің бірінші ханымы – Аджови Сика Каборе, Нигерия бірінші ханымы – Аиша Бухари, Армения бірінші ханымы (премьер-министрдің жұбайы) – Анна Акопян, Гейдар Алиев қорының вице-президенті, БҰҰ (FАО) Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FАО) ізгі ниет елшісі – Лейла Алиева, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ОЭСР) денсаулық сақтау бөлім басшысы – Франческа Коломбо сынды әлемге әйгілі тұлғалар келетіні нақтыланды.

Сонымен қатар, Саммитке Венгрия, Ресей, Ирак, Руанда, Шри-Ланка, Тәжікстан, Замбия және әлемнің басқа да елдерінің денсаулық сақтау министрлері қатысады.

Саммитті ұйымдастыруға Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымынан бастап (ДДҰ), Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭжХА) сондай-ақ, Обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттігімен (ОЗжХА) бірге Обырды бақылау жөніндегі халықаралық одағы (UICC) ұйытқы болмақ. Саммитті Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты қабылдайды.