• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қыркүйек, 2019

Елордада «True or False» жобасы басталады

489 рет
көрсетілді

Нұр-сұлтан қаласының Коғамдық даму істері басқармасының бастамасымен «True or False» жобасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«True or False» жобасы жастардың сыни ойлауы мен ақпараттық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Жоба аясында «True or False» сыни ойлау мектебі ашылады, мектептің мақсаты жастардың сыни ойлауын, киберкеңістіктегі ақпаратты талдау дағдыларын қалыптастыру болып табылады. «Жастар ақпараттың таратылу жылдамдығы және технологиялардың қарқынды дамуына дайын болу тиіс. Тақырыптың өзектілігіне байланысты аталмыш жоба ұйымдастырылды», – деп атап өтті басқармада.

Айта кетейік, аталмыш жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Жобаға сәйкес, қазан айынан қараша айына дейін елордада 14-29 жас аралығындағы 150 қатысушы үшін тренинг өткізіледі.