Моңғолия астанасы Ұланбатырда Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаевты сенім грамоталарын табыстау үшін Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга қабылдады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Моңғолия басшысы қазақ-моңғол елдері арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар мен өзара сенім ахуалын, сондай-ақ, өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша екі мемлекеттің ынтымақтастығын атап өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік-логистикалық, ауылшаруашылық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті, сондай-ақ, болашақтағы ең жоғарғы және жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мәселелері талқыланды.
Х.Баттулга кездесу соңында өзара байланыстардың одан әрі нығая беретініне сенім білдіріп, Елшіге дипломатиялық жұмыста табыс тіледі.