• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қазан, 2019

Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығына 70 жыл

216 рет
көрсетілді

Бүгін Алматыдағы Ұлттық ғылым академиясында Денсаулық сақтау министрлігінің Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қауіпті инфекциялар: «Жаңа сын-тегеуріндер – болашаққа көзқарас» атты халықаралық ғылыми конференциясын бастады.

2019 жылдың 1 қаңтарында Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының (бұдан әрі – Орталық), бұрынғы Орта Азиялық обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтының құрылғанына 70 жыл толды. Осы жылдар ішінде Орталық биологиялық қауіпсіздік және инфекциялық аурулар мәселелері жөніндегі ірі ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру-әдістемелік орталығына айналды. Ғылыми орталықта жоғары білікті мамандар, ғалымдар,микробиологтар, эпидемиологтар, биологтар, вирусологтар жұмыс істеді және де жұмыс істеуді жалғастыруда.

Орталық – көп жылдар бойы аса қауіпті инфекциялардың алдын алу мәселелерімен кәсіби айналысатын және биологиялық қауіп-қатерлерге ден қоюдың ұлттық жүйесін ұйымдастыратын Қазақстандағы жалғыз ғылыми ұйым болып табылады. Бүгінде Орталық – инновациялық диагностикалық, ақпараттық және өндірістік технологияларды пайдаланатын бірегей мекеме.

Орталықтың құрылымдық бөлімшесі 2017 жылы салынған және Қазақстан – АҚШ қауіптерін азайтудың халықаралық бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген бірегей Орталық референттік зертхана (ОРЗ) болып табылады. Орталық референттік зертхананың диагностикалық мүмкіндіктері практикалық тұрғыда шексіз. Өйткені орталық мамандарымызға аса қауіпті инфекцияларды қоздырушы – оба, Эбола, Ласса, Марбург безгектері, SARS, жоғары патогенді тұмау және т.б. жұмыс істеуге мүмкіндік беретін биоқауіпсіздіктің 2 және 3 деңгейіндегі зертханалық модульдерге ие. Аса қауіпті инфекциялар саласындағы сенімді және сапалы зерттеулерді жүргізу Орталық зертханаларының мүмкіндіктері, біздің мамандардың біліктілігі мен кәсіпқойлығы ISO 9001-2015 Халықаралық сапа стандартымен комиссиялық тұрғыда расталған. Нақты айтқанда, біздің орталық негізінде өткізілетін жоспарлы, ғылыми, арбитражды зертханалық зерттеулер барлық халықаралық ұйымдармен мойындалады.

Орталықта сенімді заманауи ғылыми генетикалық зерттеулер жүргізуге қажетті SPF-санатындағы зертханалық жануарлардың генетикалық таза желісін шығаруға арналған заманауи виварий бар. Орталықта 1954 жылдан бастап жоғары білімі (дәрігерлер, биологтар) және орта білімі бар (лаборанттар) мамандарды оқытатын аккредиттелген заманауи оқыту халықаралық білім орталығы қызмет жасап, дамып келеді. Орталықта оқыту процессін заманауи деңгейде жүргізуге арналған барлық қажетті материалдық-техникалық және кадрлық ресурстар бар.