• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қазан, 2019

Бөкей ордасында ҰОС жауынгерлері жерленді

245 рет
көрсетілді

Қазанның 2-сі - қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 97 жыл толды. Бұл күнді батырдың жерлестері ерекше атап өтті.

Биыл жазда Сайқын ауылынан он сегіз шақырым жерден 1941 жылы Сталинград майданына жол тартқан жауынгерлердің мүрдесі табылған еді. Фашист ұшақтарының шабуылына ұшырап, сүйегі теміржол жанында қалған 15 боздақтың сүйегі дәл осы күні құрметпен жерленді.

«Нарын» іздестіру тобының мүшесі Айым Хамидолла айтқандай, осы жылы маусым айында теміржол бойындағы №65 Равнинный стансасы тұсында қазба жұмыстары жүргізілген болатын. Сөйтіп, сонау соғыс жылдары Сталинградқа көмекке аттанған теңізші атқыштар бригадасы жауынгерлерінің мүрдесі табылған еді.

– Бүгінгі үндес екі шараның бір күнде өткізілуі заңдылық. Өйткені, Мәншүк апамыз жиырма бір жасында қаза тапса, жерленгелі отырған жауынгерлердің орта жасы да 18-22 жас екен. Өрімдей жастар естіп-білмеген Бөкей даласында оққа ұшты. Ұлы Отан соғысы – екі шаңырақтың бірі қара жамылған үлкен қасірет. Біздің ауданымызда соғыс жаңғырығы әлі де бар. Өйткені, біз Сталинград майданының ең жақын тылы болдық. Мына теміржол бойы жау бомбасының астында қалды. Бейбіт күн, ашық аспанның қадірін білейік. Бұл бейбітшілік бізге аға-апаларымыздың қанымен келген,-деді Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рақымжанов.

Еңбек ардагері, ұстаз Ноқаш Қадимовтың айтуынша, бауырластар соғыс кезінде оққа ұшқан жауынгерлердің сүйегін жинап, ит-құсқа жем болудан сақтап қалған Сақып Өтеғалиева, Наташа есімді апаларымыз екен. Ал соғыс құрбандарының арнайы бауырластар зиратына жерленуіне бастамашы болған - сол кездері ел басқарған Шыныбай Шарафеддинов есімді азамат екен.