• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Қазан, 2019

«Қазақстан аруы» Лондондағы әлемдік сайыста еліміздің әсем жерлері туралы баяндайды

351 рет
көрсетілді

Биыл сәуір айында ел сұлуларының ішіндегі ең сұлу 19 жастағы павлодарлық студент Мәдина Батықтың бағы жанып, «Қазақстан аруы» атанғаны аян. Енді алдағы күндері, яғни 14 жел­тоқсанда Лондонда өтетін 69-шы «Әлем аруы» сұлулық байқауына біздің елімізден Мәдина Батық барады.

Сол «Әлем аруы» ха­лық­аралық конкурсына да бар болғаны 2 ай қалды. Ал Қазақстанның сұлулық тәжін киген қыз сәуірден бері өзінің ағыл­шын тілінен білімін же­тіл­ді­ріп, дене бітімін жақ­сар­та түсуі тиіс болатын.

Жаратқан иеміз кө­рік­тен кенде қылмаған М­әдина өнерден де құ­р­а­лақан емес. 14 жасын­да Май ауда­­нындағы Бай­ғабыл Жыл­қыбаев атын­дағы өнер мек­тебінің хорео­графия­лық дипломын алған.

Бұл күндері «Қа­зақ­стан аруы-2019» С.То­райғыров атын­дағы Павлодар мем­ле­кеттік универ­си­тетінде туризм ма­ман­­дығы бойынша білім алып жатыр. Же­­ңіл атлетика­мен, тен­ниспен айна­лы­сады, фитнеске барады.

Өмірден жеке ба­қытын тауып, тір­ші­лікте табысты болуды армандайтын қазақ қызын енді алда үлкен сынақ күтіп тұр. Ол Лондонда өтетін «Әлем аруы» байқауында өз сұлулығын ғана емес, бүкіл Қазақ халқының өре-парасатын паш етуі тиіс.

Мәдинаға Қазақстанның сұлулық тәжін киген кезде 3 миллион теңге жүлде, Парижде дүкен аралау, жарнамалық агенттіктермен келісімшарттарға отыру бұйырғанымен, оның ең үлкен бақыты – бүкіл бір мемлекеттің атынан «Әлем аруы» бай­қауына қатысу болатын.

– Мен туризм саласы бойынша білім алуды жалғастыра беремін. Қазақстандағы туризмді дамытуға күшімді саламын. Өйткені мемлекетіміз үлкен туристік әлеуетке ие, – дейді Мәдина Батық.

Дәл осы күндері әлемдік са­йыс­қа жолдама алған сұлу туралы «Қазақстан аруы» жобасының түсіру тобы «Қазақ­стан туралы әде­мілікпен» атты тұ­сау­кесер фильмін жа­сауға кірісті. «Қазақстан аруын» «Әлем аруы-2019» бай­қауында бүкіл дүнияға таныстыратын картинада Ұлы даламыздың ең көрікті жерлері, қасиетті мекендері, еліміздің ғажайып өлкелері мен та­биғат тамашасы да қоса сал­­танат құ­ратын болады.

Ал тұсаукесердің сце­­­нариін жасаған А.Ах­ме­това шабытына OTYRAR SAZY&IFLY жоба­сы­ның «Yapyr-ai» ком­позиция­сы арқау бол­ға­нын айтады.

Ендігі жерде түсі­ру тобын ауқымды жұ­­­мыс күтіп тұр. Шы­­ғар­­машылық коман­да Қазақстан аруымен бірге еліміздің ең кө­рікті жерлерін шар­лап, фильмге Қа­зақ­­станның әде­мі­лігі мен тарихын, дәстүрі мен дастарқанын сыйғызуға күш салады.

Бұл роликтің бас­ты кейіпкері, әрине Мәдина Батық Қазақ­станның көгілдір көлі Қайыңдыға, Шарын шатқалдары мен архео­логиялық нысандарына, киелі жерлеріне атпен саяхат шегіп, асауды ауыздықтап, қолға үйреткен қазақ деген халық туралы баяндап отырады.

Қазақстан аруын таныстыратын тұсаукесер фильм еліміздің түрлі табиғатын, асқар таулары мен барқыт құм даласын қамти келе, Ұлы Жібек жолы бойы­мен жүріп отырып, 20 жылда әсем қалаға айналған еліміздің астанасында мәреге жетеді. Осылайша қазір жиырмаға толған Мәдина Батық ширек ғасырға да жетпейтін аралықта мегаполис шаһарға айналған Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан туралы әдемілікпен әңгімесін аяқтайды.