• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қазан, 2019

Кәсіподақ беделін көтеруді көздейді

232 рет
көрсетілді

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі салалық және жергілікті кәсіподақ төрағаларымен, кәсіподақ мамандарымен кездесті.

Кездесуге облыс әкімінің орын­басары Серік Егізбаев, әлеу­меттік әріптестер, «Мемле­кеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғам­дық бірлестігінің төрағасы Мир­болат Жақыпов қатысты.

– Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, екіжақты серік­тес­тікті дамыту мақсатында кә­сіподақтар мекемелермен ты­ғыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Кез келген еңбек дауын мәмілемен шешуге болады. Кез келген келіспеушілік алдымен ұжым ішінде реттелуі керек. Ал кәсіподақтар осы мәселелерді дау-дамайға жеткізбей, оңтайлы шешуге тікелей араласып, оны шешу жолдарын қарастыруы қажет. Біздің міндетіміз – кәсіп­одақтың нақты жұмысын, қол жеткізген нәтижелерін көрсету арқылы кәсіподақтың беделін көтеру – деді Ералы Лұқпанұлы.

Кездесуде кәсіподақ мүше­лігін арттыру, кәсіподағы жоқ мекемелер мен компанияларда ұйым құру, еңбек адамының құқығын қорғау, оларға қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, ұжымдық шарттардың саны мен сапасын арт­тыру сияқты мәселелер көтерілді.

Облыстық кәсіподақтар орта­лы­ғының төрайымы Ай­гүл Оразқызы «Қазақстан Рес­пуб­ликасы Кәсіподақтар феде­ра­циясын жаңғырту Жол карта­сының» өңірде жүзеге асуы жөнінде шолу жасады. «Мем­лекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызмет­керлерінің салалық кәсіптік одағы» облыстық филиалының төрағасы С.Сүлеймен, «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік ода­ғы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы А.Батырханов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қыз­мет­керлері кәсіптік одағының облыстық ұйымы» қоғамдық бірлес­тігінің төрағасы М.Даупаев, «SENIM» денсаулық сақтау жү­йесі жұмыскерлерінің салалық кәсіп­одағы» республикалық қоғам­­дық бірлестігінің облыс­тық фи­лиалының төрағасы М.Құ­сайынов өз салаларында жыл бойы атқарған қызметі бойынша мәлімет берді.

Кездесу соңында төраға сала­лық және жергілікті кәсіподақ ұйымдары төрағалары және кездесуге қатысушылармен пікір алмасып, ой бөлісті. Бұдан кейін Феде­рация төрағасы тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық са­ласының 1 мыңнан астам қыз­мет­керін біріктіретін ірі мекеме – «Жайықжылуқуат» АҚ бас­шылығы және кәсіподақ мүше­лерімен кездесті.

 Батыс Қазақстан облысы