• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экология 03 Қазан, 2019

«Экологиялық сағат» акциясы аясында Бейбіт Атамқұлов ағаш отырғызды

981 рет
көрсетілді

Бүгін Бейбіт Атамқұлов бірінші республикалық экологиялық сағат аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы №75 мектеп-гимназиясына барды. Онда биология пәнінен ағылшын тілінде өткен «Қоршаған ортаның ластануы» атты ашық сабаққа қатысты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

- «Табиғатты қорғау – шекаралармен шектелмейтін іс-шара. Бүгінгі экологиялық сағат әрқайсымыздың қоршаған ортаның жай-күйі үшін өзінің жеке жауапкершілігі туралы ойлануға, күн сайын табиғат байлықтарын сақтау үшін еңбек етіп жүргендердің, сондай-ақ өз бастамасы бойынша маңызды және қажетті істерді жасағандардың еңбегін еске алуға себеп болатынына сенімдімін. Сіздер де қоршаған ортаға, ортақ үйге ұқыпты қарау процесіне белсенді қатысатындарыңызға сенімдімін, біз үшін «Табиғатты қорғау - Отанымызды қорғау», - деп атап өтті өз сөзінде ведомство басшысы.

Министр сондай-ақ осы бағытта макулатура жинаудың маңыздылығын атап өтті. Өйткені, 1 тонна макулатура 10 ағашты кесуден құтқарады.

- Мысалы, бізде Министрлікте 2016 жылдың соңына қарай бөлек қоқыс жинау енгізілді. Қағаз қалдықтары жеке жиналады және макулатура ретінде шығарылады, 3 жыл ішінде шамамен 30 тонна макулатура жиналды, қоқысты (ҚТҚ) шығару 2 есеге қысқарды. Тек біздің күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз болашақ ұрпақ үшін Қазақстанның және бүкіл әлемнің табиғи байлықтарын сақтай аламыз! - деді Бейбіт Атамқұлов.

Мектептің инновациялық блогы бойынша экскурсиядан кейін министр ағаш отырғызуға қатысты.