• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қазан, 2019

Роман Скляр Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты

226 рет
көрсетілді

Германия астанасы Берлин қаласында 7 қазанда маңызды халықаралық іс-шара өтті. Негізгі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың өкілдерінен тұратын қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр бастап барды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Форумға екі елдің іскерлік орталарының 200-ден астам өкілдері қатысты. Форум шеңберінде инвестициялық және сауда-экономикалық салаларының перспективті жобалары қаралды, неміс компанияларымен жалпы сомасы шамамен $700 млн-ға инвестициялық жобаларды іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұдан өзге, LindeGas, SMS Group, CLAAS Group сияқты және тағы басқа компаниялармен ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Сөз сөйлеу барысында Роман Скляр осы бизнес форум сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты белсендендіру, логистика сияқты өзекті салаларда серіктестіктің дамуына серпін беру, сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін ашу үшін жақсы алаң болғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі басшысының орынбасары атап өткендей, Германия ұзақ жылдар бойы Қазақстанның стратегиялық серіктесі мен сенімді досы болып келеді, дипломатиялық қатынастар орнатылған 27 жыл ішінде елдеріміз арасында ынтымақтастықтың іргесі мықты архитектурасы құрылды.

Бұдан өзге, көп жылдар бойы Германия Қазақстанның жетекші сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі. Мысалға, 2018 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы тарихи максимум 5,1 млрд еуроға жетті, бұл Германияның Орталық Азияның барлық елдерімен сыртқы саудасының шамамен 85%-ын құрайды. Бұл ретте, соңғы 14 жылда неміс компаниялары Қазақстанға шамамен $5 млрд инвестициялады.

Қазақстан-Герман қатынастарының маңызды кезеңдерінің бірі, бұл Қазақстан мен Германияның саяси, экономикалық және сарапшылық орталарының өкілдері үшін формальды емес алаң ретінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы (ҮАЖТ), Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман Іскерлік кеңесі, сондай-ақ Берлин Еуразиялық Клубы сияқты құрылымдардың ашылуы мен белсенді жұмысы.

Сөзін қорытындылай келе Роман Скляр неміс бизнесі үшін біздің ел Орталық Азиядағы сенімді серіктес екенін атап өтті. Бүгін Қазақстан бизнес жүргізу үшін ең қолайлы шарттар ұсынады, себебі бизнесмендердің барлық бастамалары мемлекет пен Үкіметтің тарапынан үнемі қолдау табады.