• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қазан, 2019

Мәскеуден алты медаль алды

222 рет
көрсетілді

Мәскеуде таэквондодан Гран-при тур­нирі өтіп, онда қазақстандық спортшылар 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

Әлем мықтылары бас қосқан айтулы сында Ақсәуле Ерқасымова (62 кило) мен Руслан Жапаров (+87 кило) финалға шыққанымен, алтын медаль сарапқа салынған тұста екі спортшымыз да ресейлік қарсыластарына есе жіберді.

Гран-придің қола жүлдесін Самат Темір­хан (54 кило), Айтуар Шәйкенов (58 кило), Меруерт Тікебаева (+73 кило), Дүйсебай Смайыл (+87 кило) иеленді.

 

Дайындаған Алмас МАНАП,

«Egemen Qazaqstan»