• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қазан, 2019

Жапондық компания Жайық жағасын жөндейді

237 рет
көрсетілді

Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарын жапондық Tokyo Rope компаниясы қолға алады. Бұған дейін әлемге әйгілі компания ТМД елдерінің ішінде ал­ғаш рет Алматыда өкілдігін ашып, жұ­мысын бастаған. Енді Атыраудан кеңсе ашып, жаңа жобаларға қатысуға ықылас білдіріп отыр.

Tokyo Rope International ком­па­ния­сының президенті Сато Кад­зунори: «Атырау облысының эконо­мика­­лық әлеуетін саралап қарадық. Қар­қынды дамып келе жат­қан аймаққа өзі­міздің жоғары технологияларымызды тартып, бір­неше жобаны іске асыруға ниеттіміз. Жағалауды бекіту жұ­мыстарын жүргізу, қатерлі дертпен ауыратындарға арналған медициналық орталық ашу жос­парда бар», дейді.

Компания өкілдігі кеңсесінің ашы­лу салтанатында облыс әкі­мі Нұрлан Ноғаев Tokyo Rope бас­шы­лығына серік­тестіктері үшін ризашылығын айтып: «Ға­сыр­лық тарихы бар компа­ния алдыңғы қатарлы технологияла­рымен дүние жүзіне белгілі. Қа­зақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жа­понияға жұмыс сапары кезінде Tokyo Rope компаниясының басшылығымен кездесіп, жапон бизне­сінің біздің елімізге ке­луіне бастама­шы болған еді. Жа­қын болашақта өңі­ріміз үшін аса маңызды жобаларды бірге бастауды жоспарлап отырмыз. Жоғарыда аталған жобалармен бірге машинажасау секторында да ойға алған істер бар», деп атап өтті.

Мемлекет басшысының ше­тел­дік инвес­тиция тарту туралы тапсырмасы мұнайлы өңірде жан-жақты орындалуда деп сеніммен айтуға болады. Қазір облыста шетелдік бизнестің қатысуымен бір мыңнан астам компания­ жұмыс істейді. Еліміздің экономикалық әлеуетін көтеруге мүм­кіндік бе­ре­тін жарқын жобалар­ қатары әлі де толыға түспек.

 

АТЫРАУ