Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері, ТМД Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры бекіткен «Шымкент – Достастықтың 2020 жылғы мәдени астанасы» мемлекетаралық бағдарламасы шеңберінде жоспарланып отырған іс-шаралар талқыланды.