• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қазан, 2019

Жемқорлыққа жығылма, сыбайластыққа сүрінбе

440 рет
көрсетілді

Жалпы жемқорлықты жалпақ жұрттың талқысына салып, көптің көңілін күпті еткен келеңсіздеу көрінеді. Олай дейтінім, белгілі топ жасаған қылмысқа оған қатысы жоқ қоғамды қатыстыру әбестік секілді. Қолы ұзынның құзырына қолы қысқаның құрығы әсте жетпеген шығар…

Енді Қызылорда облысындағы жағдайды тарқатып көрелік. Жуырда облыстық ішкі саясат басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү­рес та­қырыбында өткен семинарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің Пре­вен­ция басқармасының басшысы Ғалия Әлімқұлова тың деректер ұсынды. Ол: – Биылғы жылдың 8 айын­да сыбайлас жемқорлықтың ал­дын алу мақсатында 3750 шара ұйым­дастырылды. Бүгінде «Ашық бюд­жеттің интерактивті тақтасы», «Адал ұрпақ», «Адал жол» және басқа да жемқорлықты болдырмауға арналған бірнеше жоба жүзеге асу үстінде. Ал «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсе­сінің жұмыс ауқымы жоғары, – дейді.

Есепті мерзімде аймақта 93 сы­бай­лас жемқорлық сипатында қыл­мыс анықталған. Оның ішінде 48-і парақорлық, 6-уы жүйелі түрдегі жем­қорлық, 8-і кіші және орта кәсіпкерлікке заңсыз араласу, 17-сі мемлекеттік бағдар­ламаларды іске асыру барысында орын алған. Ең сорақысы, елімізде жыл сайын орта есеппен екі мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркеліп, 1000-нан астам адам жауапқа тартылады екен. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметке де кедергісін келтіріп отыр. Өйткені мемлекет қаржысын жымқыруда заңсыз әрекетке баратындар лауазым иелері екені бесенеден белгілі.

Осыған орай басқарма басшысы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жос­парының негізгі жеті бағытын атап, қыл­мыстың жолын кесу амалдарына тоқталды. Мәселен, бюджет сая­сатының ашықтығы түйткіл сауал­дың түйіні болса, «Open Space» жобасы билік пен халық арасын жақындата түс­ті. Қысқасы, ақша айналасындағы арпа­лыста шалыс қадамның да шегі болады.

Қаныбек ӘБДУОВ,

Қызылорда