• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қазан, 2019

Сканерлеу құралдарын заңсыз әкелмек болғандар ұсталды

179 рет
көрсетілді

«Алтынкөл» кеден бекетінің «Қалжат» өткізу пунктінде Ахуалдық орталықтың қызметкерлері қашықтықтан мониторинг жүргізу шеңберінде инспекциялық тексеру кешені (ИТК) суреттеріне талдау жасау және жүргізілген кедендік жете тек­серу қорытындысы бойынша декларацияланбаған тауар­лар, оның ішінде «BERG 6040» маркалы 3 ренген­аппарат анықталды.

Декларацияланбаған та­уар­лар­­дың жалпы кедендік құны 179,7 мың АҚШ долларын немесе 69,7 млн теңгені, төлеуге тиесілі кедендік төлемдер мен салықтар­дың жалпы сомасы 15,2 млн теңгені құрады.

Алматы облысы бойынша МКД про­цессуалдық шешім қабыл­дау үшін Алматы облысы бойын­ша Эко­но­микалық тергеулер депар­та­мен­ті­не материалдарды беру жұмыстарын жүргізуде.

Мемлекеттік кірістер комите­­тінің баспасөз қызметі хабар­ла­ғандай, ахуал­дық орталықтың жеке құрамының жұмысы ИТК суреттерді талдау және тереңдетілген талдау жұмысын жүргізу жолымен тауарға ілеспе құжаттарға сәйкес келмейтін кедендік бақылаудағы тауарларды анықтауға бағытталған.

Орталықтың операторлар мен тал­дау­шылардың кеден ісі сала­сын­­дағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушы­лық­тарды анықтау, алдын алу және жолын кесу жұмысы жандандырылды.

Кеден заңнамасын бұзу күдігі анық­талып отырған ИТК сурет­теріне жаса­латын қашық­тық мониторингі шеңберінде тәуе­кел­ тобына жататын елдерден өткізі­летін тауарларды кедендік дек­ла­ра­циялауға талдау жүргізілді.