• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Үкімет 11 Қазан, 2019

Қоғам өкілдері тұрғын үйдің берілуін бақылайтын болады

225 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы баспана сапасы туралы сұрақтарға түсініктеме берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның айтуынша, жалдамалы тұрғын үй сапасын тексеру үшін тексерудің стандартты тетіктері қолданылады. Бақылауды әкімдік жүргізеді.

«Әкімдік – осы тұрғын үйді салушы, тапсырыс беруші және сатып алушы. Ол тұрғын үйдің сапалы әрі тиімді ұсынылуының сақталуына тиісті бақылау жасайтын болады», — деді М. Қожахмет.

Сонымен қатар оның айтуынша, қоғамдық кеңестер, Nur Otan партиясының мүшелері, кез келген жастар белсенділері осындай тұрғын үйлердің сапасына және келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына қоғамдық мониторинг жүргізу құқығына ие. Сондай-ақ олар бағдарлама қатысушыларын іріктеу рәсімдерінің айқындығын қамтамасыз етіп, олардың критерийлерге сәйкестігін тексереді.   

«Біз қазір бұл мәселені бұйрық деңгейінде пысықтадық, сондықтан комиссиялар жұртшылықтың тартылуымен барынша ашық болуы тисі. Жастар, қоғамдық ұйымдар, депутаттық корпус өкілдері комиссия құрамында болуы үшін және бұл өтінімдерді қарастыру кезінде барлық тапсырылған құжаттар негізінде шешімдер қабылдаудың толықтығын қамтамасыз ету үшін және сыбайлас жемқорлық оқиғаларына жол бермеу үшін мұны мұқият қадағалайтын боламыз», — деді М. Қожахмет.