Жеті жылдан бері Алматыдағы «Сұңқар» жабайы құстар тәлімбағы бүркіттің балапандары жабайы табиғатқа біртіндеп баулып, еркіндікке жіберіп келеді.
Бүгін, 11 қазанда кезекті рет Алматы қаласындағы «Сұңқар» тәлімбағында өсірілген бүркіт балапандары жабайы табиғатқа жіберілді.
Бүркіт балапандарын өсіріп, кейін оларды жабайы табиғат аясына жіберуге арналған әлеуметтік жоба «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтап қал» атты бүркіттерді қорғау бағдарламасы аясында «Эфес Қазақстан» ШС АҚ-ның қаржылық қолдауымен 2012 жылы басталған болатын.
Соңғы жылдар ішінде тәлімбақта 25 бүркіт балапаны өсірілген. Олар жабайы табиғатта өмір сүруге үйретіліп, арнайы тор қоршауларда жаттықтырылады: нәтижесінде өз бетімен азығын табуға үйренді. Бұл жолы еркіндікке тағы 4 жас бүркіт жіберіледі.
Осылайша соңғы 7 жыл ішінде бағдарлама аясында өсіріліп, еркіндікке жіберілген жас бүркіттердің жалпы саны 29-ға жетпек, бағдарламаның енді іске қосылған 2012 жылымен салыстырғанда бұл Алматы облысында болған бүркіт санынан 3 есеге көп.
Биыл балапандардың әрқайсысы бөлек жерде еркіндікке шығарылып, олардың әқайсысына арнайы күн жұмсалады.
«Эфес Қазақстан 7 жылдан бері жойылып кетуге шақ тұрған еліміздің ұлттық нышанын аман сақтап қалуға арналған жобаны қолдап келеді. Біз жобаның табысты түрде жүзеге асылырып, нәтиже беріп жатқандығына қуаныштымыз. Биыл «Сұңқар» тәлімбағымен бірлесе ұйымдастырған экспедиция көрсеткендей, осы еңбегіміздің арқасында Үлкен және Кіші Бұғыты аумағындағы бүркіт популяциясы үш есеге дейін ұлғайды. Тағы 4 балапанды табиғат аясына жіберу арқасында олардың жалпы саны 4 есеге артпақ. Болашақта біз бұл жобаны ұлттық деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті «Эфес Қазақстан» ШС АҚ корпоративтік қатынастар жөніндегі директоры Шыңғыс Қаскеев.