• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Руханият 15 Қазан, 2019

Қазан мешітінің үлгісін таңдапты

192 рет
көрсетілді

Голубовка ауылындағы «Абай» шаруа қожалығының басшысы Николай Миллер – жақсы жер іздеп ешқайда кетпеген неміс ұлтының өкілі. Өзі туып-өскен қазақ ауылының өркендеп өсуіне үлес қосуда. Астықты алқап­тың иесі. Миллер жасаған қа­ла­дағыдай өмір сүретін өрке­ниетті ауылға келсеңіз таңғаласыз.

Голубовкаңыздың байырғы атауы – Қорғанкөл. Тың игеру кезінде атауын жоғалтып алғаны болмаса, қазіргі ауыл тоқ, аман-есен жайнап тұр.

Осы тың игерушілер отбасында, Қор­­­ғанкөлде Николай Миллер дүниеге келген.

Осыдан біраз бұрын Николай Мил­лер ауылдастарымен ақылдаса отырып, жергілікті мұсылмандар үшін мешіт, ал православие христиандары үшін шіркеу салуды қолға алды.

Ауылында Өзбекстаннан келген жұмысшылар отбасыларымен бір­ге тұрып жатыр. Қазір олар өздері бас­таған мешіт құрылысын аяқтап қалды.

Николай Миллердің айтуынша, мешіт те орталықтандырылған жы­лу құбырына қосылған. Ауласына түрлі ағаштар мен жеміс-жидектер отырғызылған.

Тағы бір ерекшелігі – ауыл мешіті өзгеше үлгіде тұрғызылуда. Шағын, жинақы, сәнді.

– Бірқатар мешіттің үлгілерін көр­дік. Бізге Қазандағы мешіттердің үлгісі ұнады, – дейді Николай Миллер.

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы да Голубовкаға барып қайтты. Жергілікті тұрғындармен де жүздесті. Жолдас қажы шаруашылық басшысына риза­шылығын білдіріп, мешітті тіркеу жұ­мысына қолдау көрсетпек.

Біз де жолсапарлар барысында Ни­колай Александровичтің ауылында талай рет болдық. Әзілімен қатар қызықты әңгімелерін де тыңдай бергің келеді.

Маймыш ата жайлы жиі айтады. Қорғанкөлдің баласы – Миллер Солтүстік мұзды мұхитта әскери-флот­та қызмет етіп, сүңгуір қайықта теңіз­ші болған.

Иә, Миллер жайлы қанша жазсақ та, артық емес деп ойлаймын. Біздің елімізге Қорғанкөлдің осындай еңбек­қор, басқаларға үлгі етерлік азаматтарындай еңбек адам­дары керек-ақ.

 

Павлодар облысы,

Ертіс ауданы