• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қазан, 2019

Бақытжан Сағынтаев: 622 істен шыққан жарық көздері анықталды

298 рет
көрсетілді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланы жарықтандыру мәселесі бойынша тұрғындардың өтініштеріне жауап берді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Өткен аптада барлық проблемалы учаскелерді аралаған кезде 622 істен шыққан жарық көздері анықталды. Бүгінгі күні 529 шам жөнделді. Әлеуметтік желілердегі біздің ресми аккаунтарымызға келіп түскен азаматтардың өтініштері бойынша жаңа жарық нүктелерін тарту бағыттарына мониторинг жүргізілуде. Өз тарапымыздан бақылауды күшейтеміз және жағдайға күнделікті мониторинг жүргізуді жалғастырамыз. Мегаполистің тыныс-тіршілігінің барлық салаларына жауапкершілігі мол қызмет көрсетушілер қажет», деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында.

Соңғы жаңалықтар