• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қазан, 2019

Азаматтық жауапкершілік қажет

824 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында еліміздің барлық үш билік тармағы, қоғам мүшелері үшін алдағы уақыттағы дамудың мақсаттары мен міндеттерін айқындады. Жолдауда көрсетілген барлық міндеттер қоғамдық өмірдің салаларын қамтыды. Осы Жолдау арқылы Мемлекет басшысы сындарлы қоғамдық диалогқа шақырады.

Расында да заманауи қоғамдық кеңіс­тікте әлеуметтік субъектілер ара­сынд­ағы диалогтық байланыс, өзара түсінушілік пен сенім жоқ. Бұл мем­лекеттегі, қоғамдағы маңызды мәсе­ле­лерді түрлі ұстанымдар мен сындарлы талқылаулар негізінде еліміздің дамуын­да­ғы жаңа нұсқаларды ұсынуда кері әсерін береді. Қоғамдық диалогқа түрлі әлеуметтік және экономикалық топ, азаматтық қоғам мүшелері мен билік органдары дайын емес екендігі анық. Дегенмен, осы қоғамдық диалог мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастарда маңызды әлеуметтік қа­жет­­тілік екенін түсінуіміз қажет. Жол­дау­­дағы негізгі басымдықтар сындарлы қоғамдық диалогқа берілгендіктен, жоғарыда аталған олқылықтар шеші­ле­ді деп ойлаймыз. Сондықтан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.

Мемлекет басшысы «Күшті Прези­дент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» жаңа формула­сын ұсынды. Бұл формула саяси жүйе­нің тұрақтылығын қамтамасыз ету­дің негізі екендігі дәйек­те­леді. Сын­дар­лы қоғамдық диалог та татулық пен тұрақтылық негізіне айналып, баршамызға ортақ міндеттерді жүзеге асыруға екпін береді. Ғылымда тұрақ­тылық қоғамдағы күштер теңге­рімі, үйлесімділігі негізіндегі әлеу­меттік тепе-теңдік ретінде қарас­ты­ры­лады. Ғалымдардың басым бөлігі саяси тұрақтылықты әлеуметтік тұрақ­ты­лық­тың негізгі факторы санайды. Ал әлеу­мет­тік тұрақтылық болса, қоғамдық теория­ның басты көрінісі болып табылады. Демек, тұрақтылық теориясы мен елімізде қалыптасқан тәжірибесін пайдалану арқылы заман талабына сай тиімді мемлекетті құра аламыз.

Президент сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәрті­бі­нен түспегендігі туралы айтады. Бұл мәселе еліміздегі жоғары мектепте де өзек­тілігін жоғалтпайды. Оқу орындарында академиялық адалдықты сақтау ережелері мен кодекстерінің іс жүзінде болғанымен, кей жағдайда қағаз күйінде қалып қойғанын байқайтынымызды жасыра алмаймыз.

Жолдаудағы әлеуметтік жаңғыру­дың жаңа кезеңі іргелі міндетінің бірінші бағытына білім беру сапасын жақсарту жатады. Кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалған мектеп түлек­те­рінің жұмыссыздар мен маргиналдар тобын құрап жатқандығына назар аударылып, оқушылардың қабі­ле­­тін айқындау қажеттілігіне мән беріл­ді. Президент жоғары білімнің сапа­сы, ғылым саласындағы ахуалға ерекше көңіл бөлді. Білім тұлғаның ақыл-ойы, мінез-құлқы мен қабілетін қалыптастырудың процесі әрі өнімі болғандықтан, еліміздің болашағы оқу-тәрбиемен байланысты. «Білім экономикасын» дамытуға бағытталған міндеттер де жоғары білімнің дамуына ықпал жасайды деп ойлаймыз. Ғылымның қызметі шынайылықты айқындау үшін табиғат пен қоғам заңдылықтарына сүйенген нәтижелерді жүйелендіруге бағыт­та­ла­ды. Әлеуметтік-гуманитарлық ғы­лым­дар бойынша зерттеулер жүргізуде қолданыстағы бәрі білетін әдістерді қолдануды азайтып, жаңа тәсілдерді ойлап табуға ерекше мән беруіміз қажет.

Мемлекет басшысы келесі жылы әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары аталып өтетіндігін мә­лім­­деді. Ғасырлар бойы мемлекет бас­қару жүйесінде ізгілік идеясымен ерек­шеленетін қоғамдық ой-сана­ның жана­шырына және Батыс пен Шығыс мә­дениетін жетік меңгерген ақын, ағартушы-гуманистің іліміне деген құрмет, өскелең ұрпақтың дүние­та­ным­дық көзқарасын кеңейтуге серпіліс бере­ді деп ойлаймыз.

Біздің ойымызша, Жолдау Қазақстан қоғамының бүгінгі таңда туындап отырған негізгі сауалдарына жауап берді. Жолдауда көрсетілген іргелі бес бағыттан туындаған міндеттерді жүзеге асыру баршамыздың азаматтық жауапкершілігімізді талап етеді.

 

Ботагөз ПАРИДИНОВА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің докторанты, Қызылорда «Болашақ» университетінің аға оқытушысы