• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қазан, 2019

Елорданың қай аудандары газға бірінші кезекте қосылады

166 рет
көрсетілді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов газтарату желілерінің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаланы газдандыру үш кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда бірінші кезегі бойынша құбырларды тарту мен газреттегіш пункттерінің дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның бірінші кезегінде газреттегіш желілерінде ЖЭО-1,2,3, «Көктал-1,2» т/а, Агрогородок, Железнодорожный кенті, Оңтүстік-Шығысқа (оң және сол) дейін газ беруді жоспарлап отыр. Үйлердің саны 13,5 мыңды құрайды.

Келесі кезең бойынша Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3-ші ПК), Пригородный, Garden Village және Family Village-ге (4-ші ПК) газ жүргізіледі. Үшінші кезекте Ильинка (1-2-ші ПК), Шұбар (3- ПК), Өндіріс (4-ші ПК) тұрғын алаптары газдандырылатын болады.

Газ жүргізу – қалаға зиянды қалдықтардың шығарылуын 6 есеге, қатты заттектерді 40 мың тоннаға азайтады.