• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2019

ҚазҰУ-да Түркі дүниесінің кинофестивалі болып өтті

197 рет
көрсетілді

17-18қазан күндері Алматыда Түркі әлемі деректі фильмдері IV Халықаралық фестивалінің қазақстандық бағдарламасы өтті. Іс-шараны Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қолдауымен Түркі әлемі журналистері Федерациясы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырды.

Қазан айының басында Ыстамбұлда ашылған кинофестиваль биыл тоғыз қатысушы елдің жетекші серіктес-университеттерінде өтуде. Кинофестивальдің түркі елдері үшін қоғамдық және мәдени маңызы аса зор. Оған Түркия, Қазақстан, Түркіменстан, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Венгрия, Македония, Кипр елдерінің үздік жұмыстары ұсынылды. Фильмдер әлеуметтік, мәдени, рухани және қоғамдық маңызды тақырыптар мен жастар тәрбиесін қамтыған.

«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының кинотеатрында ашылған деректі фильмдер көрсетіліміне Түркі әлемі журналистер федерациясының президенті Мендерес Демир және басқа да шетелдік құрметті қонақтар, сондай-ақ кинодокументалисттер мен фильм авторлары, қоғам мен масс-медиа өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Кинофестивальдің ашылуында кинематографтың аңызына айналған, түркі әлемінің танымал актері мен режиссері Асанәлі Әшімовке арнайы марапат тапсырылды.