• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қазан, 2019

Белсене қатысу қажет

210 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Мемлекет басшысы елдегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары жайында Қазақстан халқына жылма-жыл Жолдауын арнайды.

Қазақстан Пре­зи­дентінің алғашқы ресми Жол­дауы 1997 жылы қазан айында жария етілген болатын. Дәл сол уақыттан бастап бізде көптеген президенттік республикаларға тән дәстүр берік қалыптасты. Сол дәстүрді саналы түр­де жалғастыра отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өзінің алғашқы Жолдауын жариялаған болтын. Ол осы тарихи құжатта қазіргі уақытта бізге тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғанын атап өтті. «Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз. Өз­деріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлауалды бағдарламамның негізі болды. Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұ­мыстар жүргізуде. Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын», деді Қ.Тоқаев.

Президент өзінің Жолдауында экономикамыздың өсуі мен қаржылық мүмкіндіктерімізге сүйене отырып, халқымыздың әл-ауқатын жақсарту бойынша жұмыстарды әрі қарай жалғастыру міндетін алға тартты. Ол «Білім экономикасы», еңбек өнім­ділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық даму­дың негізгі факторларына айнал­ғанын атап көрсетті. Мемлекет басшысының пікірінше, шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру, агроөнеркәсіп кешені мен өңдеу өнеркәсібін мей­лінше дамыту қажет. Жолдауда білім беру, құқық қорғау, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау мә­се­лелеріне ерекше көңіл бөлінген, өйт­кені олар мемлекеттің басымдық берілетін салалары болып саналады.

Президенттің Жолдауында көтеріл­ген мәселелердің барлығы ма­ңыз­ды. Соның ішінде бізді ерекше қу­ан­татыны, азаматтық қоғамға қол­дау көрсету мәселесі айтылды. «Аза­маттық қоғамға қолдау көрсету керек, халықты жалпымемлекеттік өзекті тапсырмаларды талқылауға тарту керек. Сол үшін де Ұлттық қоғам­дық сенім кеңесі құрылды. Белсен­ді аза­маттық қоғам құру үшін үкі­меттік емес ұйымдардың беде­лін арттыру қажет деп санаймын. Сон­дық­тан, жақын арада Азаматтық қоғам­ды дамытудың 2025 жылға дейін­гі тұжырымдамасын әзірлеп, қабыл­дауымыз керек» деді Қ.Тоқаев.

Қазіргі Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптасуының ұзақ тарихы және терең тамырлары бар. Ерте замандардан-ақ бізге азаматтық қо­ғамн­ың табысты жұмыс атқарып, қоғамның нығаюын қамтамасыз еткен билер соты, ақын-жыраулардың шығар­машылығы, батырларды маңыз­ды істерге тарту немесе олардың өз­дер­інің белсенді қатысуы іспетті инс­­титуттары болғаны мәлім. Қазақ жер­лерінің отарлануы, содан кейінгі бір­тұтас кеңес мемлекеті құрамында өмір сүріп, еңбектенуге байланысты кезең­дер қоғам мен адамның психология­сын, мемлекет тағдырындағы рөлін түсі­нуін айтарлықтай өзгерте оты­рып, азаматтық бостандық сезі­мі­нің қа­лып­тасуындағы тарихи сабақ­т­ас­тықты үзген-ді. XX ғасыр басын­да­ғы көптеген белгілі қайрат­кер­лер аза­мат­тық сана-сезімді ояту жо­­лын­дағы күресте жандарын пида еткен. Сон­дық­тан Қазақстанда азамат­т­ық қоғам­ның қалыптасуы, еш күмән жоқ, жете сараланған сипат алатын болады.

Қазақстанда азаматтық қоғамның алғашқы көріністерінің бірі – үкі­мет­тік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қалып­тасуы. Олар мемлекет пен азаматтар арасындағы делдал ретінде өздеріне қоғамда орын алып жатқан көптеген әлеуметтік өзгерістердің міндеттерін қабылдап, әртүрлі, экология, қоғамда әйелдер рөлінің артуы, сондай-ақ тұтынушылар, жастар, көп балалы және жалғызбасты аналар, жетім балалар, мүгедектер, заңсыз қуда­лау құрбандары және басқалары­ның құ­қық­тары мәселелерін шешу ісіне елеулі үлес қосады. Бүгінде елімізде 3500-ге жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс істеп, әлеуметтік-эконо­ми­калық мәселелерді шешеді, ел азамат­тары­ның қоғамды демократияландыру үдерістеріне белсенді түрде қатысуына көмектеседі.

Жолдаудың тағы бір ерекше ма­ңыз­­ды бөлігі – қоғамдық келісімді нығайту мәселесі. «Әлеуметтік және эт­ностық топтар арасындағы келі­сім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбе­гі­нің нәтижесі. Осыған орай, саяси үр­дістерді саралап, бірлігімізді нығай­та түсу үшін нақты шаралар қабыл­дау керек», деді Мемлекет басшысы. Алдымен «осы мақсатта қазақ хал­қы­­ның мемлекет құраушы ұлт ретін­дегі рөлін бекемдеп, этносаралық тату­лық пен дінаралық түсіністікті қалып­тастыра беруіміз қажет» деп жалғас­тырады, Президент өз ойын.

Бізді, тарихшы-ғалымдарды, ұлт­тық тілдің жанашыры ретінде қуанта­тыны, Мемлекет басшысының осы құжатта: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін» дегені. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін, оның пікірінше, бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Президентіміз қойған осы міндетті орындау біздің де азаматтық борышымыз деп ойлаймын.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы келер жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталатыны, әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей­тойларын өткізетініміз туралы айтты. Мерейтой барысында ысы­рап­шылдыққа жол бермей, ғұлама тұлға­ларымыздың еңбектерін халық ара­сында дәріптеуіміз керектігін тілге тиек етті. Бұл міндеттің де біздің ғалым­дарға тікелей қатысы бар.

Жоғарыда айтылғандарды қоры­тын­дылай келе, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арна­ған алғашқы Жолдауында көтерілген идея­лар­ мен қойылған міндеттерді то­лық қолдай отырып, алдағы уақытта ола­р­ды насихаттауға біз белсене қа­ты­­суы­­мыз қажет деген пікірімді білді­ремін.

Талғатбек ӘМИНОВ,

Мемлекет тарихы

институтының аға ғылыми қызметкері, доцент