• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2010

ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕ­МІ

1832 рет
көрсетілді

Түркі әлемінің Еуразия кеңіс­тігінің едә­уір бөлігін алып жатқаны бел­гілі. Қазіргі кез­де Жер шарын ша­мамен 200 миллион түркі мек­ен­дейді. Оларды этногенез, діл, тіл, та­рих, әдебиет, рухани және мате­риал­дық мәдениет, тұрмыс салты мен әдет-ғұрыптар, салт-сана ортақтығы біріктіріп отыр. Түркі әлемінің ру­хани құндылықтары, сан ғасыр­лық, ерекше көп үнді мәдениеті күллі әлем­дік өркениеттің құрамдас бөлігі болып табы­ла­ды. Барлық тарихи сынақтардан өтіп кел­ген бұл өзгеше мәдениет ХХІ ғасырда да әлемдік зияткерлік дамудың ағымында бол­мақ.  Алайда, мәдени бірегейлену мен жа­һан­­дану үдерістерінің қайта­рым­сыздығы жағдайында түркі ареа­лы­на кіретін, әсіресе, “саны аз” халықтардың рухани табиғи бет-бейнесіндегі ерекшеліктер қатерлі аймаққа еніп отыр. Олардың тіпті толық жойылу қау­пі жоқ емес. Социалистік идеалдардың күйреуі нәтижесінде мәдениеттердің этнос­тық деңгейде бірігу үрдісі күшейе түсті. Халық­тар тарихындағы мәдени, ділдік ұқсас­тықтар олардың арасындағы қатынастарда маңызды аргументке айналды. Мұның өзі халықтар арасындағы этностық, тілдік және тарихи жақындықты басты құндылық са­най­тын жаңа мәдени ұрандардың жариялануына әкелді. Түркітілді кеңістік тарихи даму бары­сын­­да қашан да мәдениеттердің алуан түр­лі­­лігімен ерекшеленетін, “Ба­­тыс пен Шығыс” арасындағы мә­дени үнқатысуда өзгеге ұқсамайтын көпір іспеттес болған еді. Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстік­тің аралығында, еуразияның дәл ортасында орналасқан Қазақстан осы айтылғандардың жарқын үлгісіндей. Елдің осынау ерекшелігін ерте ұғынған Елбасы өзінің сара саясатын сарабдалдықпен жүргізіп келеді. Жақсы ниетті барлық адамдар арасында баянды бейбітшіліктің, пла­нетарлық деңгей­дегі үнқатысудың, ынтымақтастықтың орны­ғуына жағдай жасайды. ХХ ғасырдың со­ңына қарай Жер шарының халық­тары “қырғи-қабақ соғыс” тоңын жібіте алды. Идео­ло­гиялық қарама-қарсылықтың қатаң шекарала­рын еңсере білді. Адамзат жаңа тарихи ке­зеңге бұрын-соңды болмаған дарқан пейілмен, ерек­ше үмітпен кірді. Жер бетіндегі бейбіт­ші­ліктің баянды бо­луы үшін, азаттық пен ынтымақ­тас­тық үшін халықтар бір-біріне достық қолын созды. Осындай игі бастама­лар­дың басы-қасында жүретін көре­ген басшылардың қатарында Қазақ­стан Республикасының тұңғыш Пре­зи­денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев­тың мәртебесі биік, мерейі үстем деп ойлаймыз. Нұрсұлтан Әбішұлы қиын-қыстау, тар кезеңде шын мә­нін­де халқымыздың бағына орай би­лік басына келген, оны нұрлы бо­ла­шаққа жетелейтін көшбасшы бола білді. Әлемдік қоғамдастықтың гүлде­ну­і­не әкелетін, халықаралық қа­ты­нас­тардың ізгіленуі мен тұрақтануына бағытталған ру­хани даму басым­дық­тарын аймақтық және жалпы ға­лам­дық деңгейде түйсініп, тани білуді қажет ететін қазіргі заманда егемен ел болып етек-жеңімізді жиып, жақсы­лар­дың қатарына қосылуды ойлас­тырып отыруы­мыз­дың өзі жақсы көшбасшымыздың болуының арқа­сында қолымыз жетіп отырған жағдай екендігі даусыз ақиқат нәрсе. Өткен 2009 жылы 8 қазанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында Мұс­тафа Кемал Ататүрікке арналған ескерт­кішті ашты. Президентіміз: “Ескерткіш Қа­зақстан мен Түрік Республикасы арасын­да­ғы достық қатынастарды бұдан әрі нығайту мақсатында Түркияның тұңғыш президенті, әрі аса ірі мемлекет және қоғам қай­рат­кері Ататүріктің есімін мәңгі есте сақ­тау мақса­тында, қойылып отыр. Осы ескерткішті ор­ната отырып, біз бар­лық түркі халықтары­ның бауырлас­ты­ғы мен бірлігі туралы армандаған осы бір ұлы адамның есімін жадымызда ұстаймыз”, – деген еді. Президент және де өз сөзінде: “Ата­түрік адамзат тарихында жаңашыл басшы ретінде, Түркияны бөлшектенуден сақтап қалған, империялық амбициялардан бас тартқан, өз мемлекетін, өз жерін аман алып қалған адам ретінде қалды. Оның еңбегінің арқасында Түркия сыйлы да дамып келе жатқан, та­маша мемлекет болып табылады”, – деген болатын. Бұл сөздердің астарында Ел бас­шы­сы­ның Ататүрік тұлғасына деген үлкен құрмет жатыр деп ойлаймыз. Себебі, Мұстафа Кемал Ататүріктің ел азаттығы, ел бірлігі, ел болашағы үшін еткен еңбектері ересен көп. Мәселен, Мұстафа Кемалдың елде банк ісін жақсы жолға қоюы, жерсіз шаруаларға жел телімдерін бе­ру ісін жүзеге асыруы, ел­дің өнер­кә­сібін арнайы Заң шығара отырып, дұрыс жолға қоюы, ауылшаруа­шы­лық кооперативтерін құруды қол­дауы, бүкіл ел аумағында жолдар са­лу­ды қолға алуы, саяси өмірде – Сұл­танат пен Халифатты таратып, Рес­публиканы жариялауы, бір­пар­тиялық (халықтық) саяси жүйені орнық­ты­руы, кей­іннен кемализм ата­ла­тын саяси идеоло­гия­ны орнықты­руы, қоғамдық өмірде – діни о­р­ден­дердің жұмыс жасауына тыйым са­луы, жаңа азаматтық Кодексті қа­былдау ісіне қызмет жасауы, білім беру ісін орталық­тандыруы, 1928 жылы 1 қарашада латын графикасына негізделген жаңа түрік әліп­биі­нің қабыл­дануына еңбек сіңіруі, осы жыл­да­ры Түрік тіл қоғамы мен Түрік тарих қо­ғамын құруы, университеттік білімді реттеуі (1933), т.б. еңбектері туралы көп айта беруге болады. Президент Н.Назарбаев әрқа­шан­­да туыстас түркі елдерімен жа­қын, достық қарым-қатынастар ор­на­ту­ды көздеп, осы мақсатпен атқа­ры­ла­тын іс-шараларға мұрындық болып отырды. 1992 жылы 27 тамызда Қа­зақстан Республикасы мен Әзір­бай­жан Республикасы арасында дипло­ма­тиялық қатынастар орнағаннан бастап, Пре­зи­дент Н.Назарбаев екі ел арасында конс­трук­тивті, терезесі тең саяси-экономикалық үнқатысу ор­на­туға тырысты. 1996 жылдың қыр­күй­ек айында Әзірбайжан астанасы – Баку қаласына ресми сапармен барған кезінен бастап Н.Назарбаев екі түркі мемлекетінің достық қатынаста бо­луының қаншалықты маңыздылығын іс жүзінде дәлелдеп келеді. Прези­ден­тіміздің туыстас елдің жерінде болып жатқан Таулы Қарабақ жан­жа­лын бейбіт жолмен шешу ісіне ара-ағайындық жасауға бір­неше мәрте ұсыныс жасағандығы әлемге мәлім. Қазақстан – Әзірбайжан қаты­нас­тары Н.Назарбаевтың 2005 жыл­ғы мамыр айында Бакуге ресми са­пар барысында қол қойған Стра­те­гиялық серіктестік пен одақтастық қа­тынастар жөніндегі келісім қағидат­тарына сай, жақсы қар­қынмен дамып келеді. Екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастың бір парасы ретінде Елбасының баста­масымен дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері тарапынан 2008 жылғы қазан айының басында Әзірбайжанға жасалған сапарды атауға болады. Президент Н.Назарбаев Қазақ­стан­мен көршілес, Орталық Азия ау­ма­ғында орналасқан түркі халықта­рымен тату-тәтті қатынастарда болу ісін қолға алып, қай кезде де интеграциялық іс-қимылдардың басы-қасында жүрді. Қазақстан Республикасы мен Қыр­ғыз Рес­пуб­ликасы арасындағы дипломатиялық байланыстар 1992 жыл­дың 15 қазанында орнатылды. Екіжақты келісім негізінде жүз елу­ден астам құжатқа қол қойылған. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – 1997 жылғы сәуір айында бекітілген Мәңгі достық туралы келісім мен 2003 жылғы желтоқсанда қол қойылған Одақтастық қатынастар туралы келісім болып табылады. Президенттің басшылығымен ат­қа­рылған игі істердің нәтижесінде екі ел арасындағы қатынастар стра­те­гия­лық және тең құқылық әріптестік рухында дамып келеді. 2007 жылғы сәуір айында болып өткен Қыр­ғыз­станға ресми сапар барысында екі ел­дің Сыртқы істер министрлері кеңесін және Мемлекетаралық жоғарғы кеңес құру туралы келісім жасалды. 2008 жылдың сәуір айында Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев Қа­зақ­станға ресми сапармен келіп, Қыр­ғыз­стан мен Қазақстанның Мем­ле­кет­аралық жоғарғы кеңесінің екінші отырысына қатысты. Осы сапар ба­рысында екі елдің премьер-министр­лерінің төрағалығымен өткізілетін екіжақты қарым-қатынастар бойынша Үкіметаралық кеңес құру туралы қарар қабылданды. Қазақстан сыртқы сауда бойынша Қырғызстанның ең басты әріптестерінің бірінен саналады. Қазақстан Республикасы мен Түр­кіменстан ара­сындағы диплома­тиялық қатынастар 1992 жылдың 5 қазанынан бері орнатылды. 1993 жыл­ғы 19 ма­мырда Екі ел арасындағы достастық қатынастар мен қарым-қа­тынастар орнату туралы келісім және 1997 жылғы ақпан айында жасалған Ын­ты­мақтастықты одан әрі дамыту туралы декларация екі туыстас ел арасындағы ортақ іс-шараларға негіз болды. Қазақстан Президенті Түркімен­стан­ның бұрынғы басшысы С. Ния­зов­пен де, қазіргі басшысы Г.Бер­дымұхамедовпен де жақсы әріптестік қатынастарда болып келеді. 2007 жыл­ғы 28-29 мамырда Г.Берды­мұ­хамедов Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Екі ел басшылығы алуан түрлі бағыттардағы өзара тиімді сауда-экономикалық қарым-қаты­нас­тар жөніндегі мәселелерді талқылады. 2007 жылдың 11-12 қыр­күйегінде Н.Назарбаевтың Түркімен­станға ресми сапары болды. Сапар кезінде Түркімен­стандағы мұнай-газ орын­дарын игеру ісіне, Иранға ба­ратын “Өзен-Қызылқия-Берекет” темір жол жобасына қазақстандық компания­лардың қатысуы, өнеркәсіптің түрлі салаларында біріккен кәсіпорындар құру, мәдени-гуманитарлық салада қарым-қатынас орнатудың болашағы талқыланды. Көлік және коммуникация сала­сындағы ын­ты­мақтастық қарқынды даму үстінде. Темір жол, автомобиль, су жолы арқылы қатынас орнату жо­лында өзара тиімді жобалар бар. Мәселен, “Ас­тра­хань – Атырау – Ақтау – Түркіменстан шек­арасы” ав­то­жолы, екі ел арасында теңіз жо­лы­мен қатынас орнату жобаланып отыр. 2007 жылдың 1 желтоқсаны күні Қазақстан, Түркіменстан, Иран мемлекеттерінің үкіметтері арасында Өзен (Қазақстан) – Қызылқия – Берекет – Этрек (Түр­кіменстан) – Горган (Иран) темір жол желісін салу туралы келісімге қол қойылды. Мәдени-гу­манитарлық саладағы байланыстар туралы айтар болсақ, 2008 жылғы сәуір-мамыр айларында Қа­­зақстанда Түркіменстан Мәдениеті күндері болып өтті. Осы іс-шараның шеңберінде екі елдің зиялы қауымы, жалпы мәдениет қайраткерлері форумы болып өтті. 2009 жылдың маусым айында Түр­кіменстанда Қазақстан Мәдениеті күндері болды. Қазақстан мен Өзбекстан ара­­­сындағы дип­ло­матиялық қатынастар 1992 жылғы қараша айында орнады. Саяси салада екіжақты байланыс пен ынтымақтастық туралы жүзден астам құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде негізгі құжат – Мәңгі достық туралы келісім. Н.Назарбаевтың 2006 жылғы наурыз айында Өзбекстанға барған сапары кезінде Мемлекет­аралық үйлестіру кеңесін құру туралы шешім қабылданды. 2008 жылдың сәуір айында Өзбекстан Республи­касының пре­зиденті И.Кари­мовтің Қазақстанға ресми сапары болып өтті. Осы сапар барысында Қазақстан мен Өзбек­стан арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол жеткізілді. Бизнес-орта­лықтар мен Сауда өкілет­тіктерін ашу, мұнай-газ саласындағы ынты­мақ­тастықты бел­сенді ету туралы келісімге қол қойды. Екі ел арасындағы тауар айна­лы­мы 2008 жылы 1 788,2 млн. доллар шамасында болды. Өзбекстанда қа­зақ­стандық инвестициялармен жұ­мыс жасайтын 173 кәсіпорын бар. 2006 жылғы наурыз айында Ха­лық­аралық автоқатынас туралы үкі­мет­аралық келісімге қол қойылды. 2006 жыл­дың маусым айынан бастап Ал­маты – Ташкент – Нүкіс – Таш­кент – Алматы маршруты бойынша темір жол көлігінің қозғалысы қайта жандандырылды. “Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы” авто­жо­лымен қатынас жолға қойылды. И.Каримовтің 2006 жылғы қыр­күйектегі Астанаға мемлекеттік са­па­ры кезінде екі ел үкіметі тарапынан мәдени-гуманитарлық салада бай­л­а­ныс жасау бойынша 2006-2008 жыл­дарға арналған бағдарламаға қол қой­ылды. Осы бойынша театралдық, шы­ғармашылық ұйымдардың гас­троль­дері, мұ­ға­лімдердің семинар­ла­ры мен кез­де­су­лері ұйымдасты­рыл­ды. Қазіргі кез­де мәдени-гу­ма­ни­тарлық са­лада бай­ланыс жа­сау бой­ынша 2010-2012 жылдарға ар­налған бағ­дар­ла­ма­ның жаңа жобасы жасалуда. Елбасымыздың күні кеше ғана Өз­бекстанға жасаған ресми сапары ту­ыс­тас екі елдің ын­тымақ­тастығын од­ан әрі нығайта тү­сетіні талассыз. Біздің тари­хы­мыздың жаңа за­ма­нында Қазақ­стан Республикасы мен Түрік Рес­пуб­ликасы арасындағы әр салалық бай­ла­ныстар өзінің тұ­рақ­­тылығымен, екі ел басшылығының саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды кеңейтуге деген ұм­ты­лыстарымен ерекшеленеді. Аталған үде­рістердің дамуына екі ел халық­тарының тарихи, мәдени, этностық-діни жақындығы мүмкіндік тудырады. Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы мамыр айында Түркияға ресми сапары кезінде жасалған мәлімдемеде айтылғандай, Астана мен Анкараның стратегиялық серіктестігі өз жалғасын табуда. Түрік Республикасының саяси басшылығы Қа­зақ­станды Анкараның Орталық Азия аймағындағы саяси және сауда-экономикалық салалар бой­ынша сенімді серіктесі ретінде бағалауда. Н.Назарбаев Түрік Республикасы президент­терінің қай-қайсымен де өте жақсы қатынас орната білді. Тұр­ғыт Өзал мен Сүлеймен Демирел тұ­сын­да да, одан кейінгі кезеңдегі Түркия пре­зи­денттері Ахмет Недждет Сезер мен Абдулла Гюль тұсында да Елбасы Түркия жағының Қазақстан мүддесін қолдауына қол жеткізіп отырды. Қа­зақ­стан Президенті Түркия премьер-министрлерімен де жақсы жұмыс жасаса білді. Мәселен, 2005 жылдың мамыр айында Қа­зақстанға үкіметаралық келісімдерге қол қою үшін келген Р.Т.Ердоғанмен бірлесіп істеген істері аз емес. Түркия жағының саяси және қо­ғамдық топтары Н.Назарбаевтың отан­дық және әлемдік деңгейде жа­салатын ұсыныстары мен тұжы­рым­дарын аса мұқият қадағалап отырады. Әсіресе, Н.Назар­баевтың Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру туралы бастамасы аса қызу қолданды. Олар бұл идеяның жүзеге асуы тек Ор­талық Азия үшін ғана емес, со­ны­мен қатар, барлық түркі әлеміне де үлкен игілік әкелетінін баса айтты. Түр­кияның басшылары мен ірі қо­ғам қай­раткерлері, саяси партиялардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың басшылары, ірі бизнес басшылары Қазақстан Президентінің жаңа мер­зімге сайлану кезеңдерінде әркез қуаныштарын білдіріп отырды. Анкараның пікірі бойынша, Н.На­зарбаевтың басшылығымен Қа­зақстан қоғамды демокра­тияландыру мен экономиканы либералдандыру жолында маңызды кезеңдерді бастан өткерді. Қазақстан бүкіл Еуразия кеңістігі үшін барлық салалар бой­­­­ын­ша сәтті реформалар жүргізудің үлгісі ретінде қызмет етіп келеді. Мұның бәрі бірінші кезекте Елбасының идея­сы мен күш-жігері арқасында орындалып жатқандығы түркі әлеміне жақсы аян. Президенттің бастамасымен жүргізіліп отырған істердің бірі – Түркияға Қазақстан Парламенті делегациясының баруы. Н.Назарбаевтың тікелей арала­суы­мен ашылған оқу орындарының бірі – Қ.Ясауи атындағы Халық­ара­лық қазақ-түрік университеті. Бұл оқу орнындағы 11 факультетте 25 мың­нан астам студент және аспирант жастар дәріс алады. Олардың ішінде қазақ­стандық жастармен бірге 28 шетелдік мемлекеттер мен автоно­мия­лық рес­публикалардан келген тәлімгерлер бар. Елбасы жақында болып өткен кез­десу барысында түркі қауым­дастығының маңызды тақырыпқа айналып отырғанын айта келіп, өз бастамасымен Түркі академиясының ашылғалы отырғанын, қазіргі кезеңде түркі әлемінің басын қосып, бірік­ті­ретін елдің Қазақстан болып отыр­ғанын, екі айдан кейін, көктемнің соңында Ака­демияның ашылу сал­танатына Түркия президенті Абдулла Гюльдің келетінін тілге тиек етті. Ел Президенті Түркі әлемінің ғылыми-теориялық және практикалық, диа­хрон­дық және синхрондық зерт­те­луінің қаншалықты маңыздылығын анық танып-біліп, айқын айтып отыр. Түркінегізді халықтардың этно­генезіндегі, тіліндегі, тарихындағы, әдебиетіндегі, мәдениеті мен өне­рін­дегі алтын бастаулар ғылыми негізде зерттеудің қажеттілігін айқындап отыр. Түркі әлемі жалпы адамзат әлеміне не берді, түркі мәдение­ті­нің өзіндік ерекшеліктері неде, басты құн­ды­лықтары қандай, міне, осы мәселелердің барлығы да өзінің нақ­ты ғылыми шешімін күтеді. Түр­кі­тілді елдер арасындағы мәде­ниет пен өнер сала­сын­дағы сан ғасырлық бай­ланыстардың, жалпыға ортақ рухани құндылықтардың, тарихи-мәдени дәстүрлердің даму тарихын зерде­леудің, осы мақсатқа сай алуан түрлі ғылыми бағдарламалар мен жоба­ларды жүзеге асырудың қажеттілігі даусыз. Түркі әлемі – ашық әлем. Өз мә­дени құндылық­тарымен өзгешелене отырып, өзге мәдени бастаулармен ішкі үндестігін сақтай алатын, төл­тума дүниелерді де, жалпыадамзат­тық құндылықтарды да айшықтап көрсете алатын әлем. Сол себепті түркі халықтарының асыл қазынасын айқара ашып, жүйелі түрде зерделеу қажет. Жалпытүркілік мәдениет пен өнер салаларын дамытудың тарихы мен өзекті мәселелеріне арналған ғы­лыми симпозиумдарды, конферен­цияларды, пікірсайыстарды өткізудің қажеттілігі, түркі тарихының ерекше маңызды кезеңдеріне ғылыми, фи­ло­софиялық терең зерттемелер жа­сау­дың керектігі, түркітілді елдердің мәдениеті мен өнерінің, тілі мен әдебиетінің дамуына айрықша үлес қосқан ұлы тұлғаларға кешенді түрде ғылыми баға берудің қажеттігі түркі әлемін жүйелі түрде кешенді зерт­тейтін ғылыми мекеменің – Түркі академиясының құрылуын талап етіп отыр деп ойлаймыз. Қазіргі кезеңнің рухани талаптарын орындау үдесі тұрғысынан Елбасының осы бір дер кезінде жасалған игі бастамасына сәттілік тілейміз. Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, Білім және ғылым министрі.