• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Президент 29 Қазан, 2019

Президент Алматы әкіміне нақты тапсырмалар берді

172 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкіміне қаладағы әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелерді шұғыл түрде реттеуді тапсырды.

Бұл ретте әсіресе білім мен денсаулық салаларындағы түрлі түйткілдердің түйінін тарқату маңызды. Әсіресе, апатты жағдайдағы мектептерді анықтап ретке келтіру, балабақша мәселесін жолға қою, шаһардағы көлік кептелегі мен экологиялық ахуалды реттеу кезек күттірмей шешімін табуы қажет.

Күн санап аумағы өсіп жатқан алып мегаполистегі мәдени нысандардың саны мен сапасын арттыру мәселесіне көңіл бөлу керектігін айтқан Президент қаладағы Алатау, Наурызбай аудандарындағы халықтың инфрақұрылымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды тапсырды.

Шаһарда әлі де жарықтандырылмаған көшелер бар екенін, арық жүйесін жетілдіру ісін жіті қолға алу керектігін тілге тиек еткен Мемлекет басшысы басқа да бірқатар нақты тапсырмалар берді.