• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Президент 29 Қазан, 2019

Алматы қауіпсіз қалаға айналуы керек

173 рет
көрсетілді

Алматыны дамытуға бағытталған кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өкінішке орай Алматы ел аумағында қылмыс саны бойынша алдыңғы орында тұрған қала екенін айтты.

«Өкінішке орай, Алматы қылмыс бойынша көш бастап тұр. Бұл көрсеткіштер адам санының көптігіне байланысты екені түсінікті. Дегенмен, бұл проблеманы тез арада  тойтару керек. Осы салғырттықтың салдарынан қазақ спортының жарық жұлдызы Денис Теннен көз жазып қалдық», деді Президент.

Сын түзелмей мін түзелмейтінін айтқан  Мемлекет басшысы сондай-ақ «Іле Алатауы» ұлттық паркі аумағындағы жеке тұлғаларға заңсыз берілген жер телімдерін анықтап шара қолдануды, студенттер үшін жатақхана тапшылығы мәселесін түбегейлі реттеуді тапсырды.

«Алматы жалынды жастардың қаласы» деген Президент, жастарға сан бағытта қолдау көрсетуге айрықша назар аудару керектігін атап өтті.