• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Қазан, 2019

Гөбеклітепе кешені туралы фотокөрме ашылды

248 рет
көрсетілді

Елордада Түркия Респуб­лика­сының 96 жылдығына арналған дипломатиялық қабылдау ұйым­дастырылды. Соған орай әлем­нің ең көне ғибадатханасы, Түркиядағы Гөбеклітепе кешені туралы фотокөрме ашылды.

Гөбеклітепе Түркияның Шан­лыур­фа қаласынан 21 шақырым қашық­тықта Өренджик ауылы маңында орналасқан. 1963 жылы Ыстанбұл жә­не Чикаго университеті бірлесе отырып жүргізген зерттеу жұмыстары кезінде анықталып, оған «V52 неолиттік мекен» деген ат берілді.

1994 жылдан кейін жүргізілген жұ­мыстар барысында кейін алаңның аса құн­ды жәдігер екендігі нақтыланды. Қаз­ба жұмыстарының нәтижесінде Гө­бек­літепенің 12 000 жыл бұрын салын­ған ғибадат орны екені белгілі болды.

Бұл ғибадатхананы ауылша­руа­шылығы мен мал шаруашылығына дейінгі кезеңде аңшылар тұрғызған деп есептеледі. Қала тұрмысына әлі қадам баса қоймаған уақытта салынған Гөбеклітепе соңғы уақыттағы «ең ау­қымды археологиялық жаңалық» ретінде қабылданды. Шамамен 12 мың жыл бұрын қалай жасалғаны бел­гісіз ғибадатхана Мысыр пирамида­сынан 7 100 және Англиядағы Стоунхенджден шамамен 6 600 жыл бұрын салынған.

Гөбеклітепе туралы ғылыми де­рек­тер археологияда неолиттік кезең­ге қатысты теориялық негіздер мен даталандыруды қайтадан қарау қажеттілігінен мәлімет береді. Оның орналасқан жері, ауқымы, датасы мен ғимараттарының монументальдығы жағынан ғимарат неолиттік дәуір үшін ерекше саналады.

ЮНЕСКО-ның 2018 жылы өткен «42 Әлемдік мұра» сессиясы отырысында Гөбеклітепенің ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізу туралы шешімі қабылданды.