• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Қараша, 2019

iKOMEK 109 – СМС арқылы жаңа сервис іске қосылды

552 рет
көрсетілді

iKOMEK 109 елорда тұр­ғындарын СМС-хабар­ландыру бойынша жаңа сервисті іске қосты. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKOMEK 109 «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының» PR-қызметінің хабарлауынша, аталған орталық елорда тұрғындарымен және қонақтарымен кері байланыс сервисін жақсарту мақсатында Бірыңғай байланыс орталығына 109 қысқа нөмірі арқылы беріл­ген өтініштер бо­йынша СМС-хабар­ландыру қызметін іске қосады.  

Бұл СМС-хабарландырулар тұрғындарды өтініштердің орындалу дәрежесі туралы уақытылы хабардар етуге мүмкіндік береді. Өтініштің атқарылу дәрежесін е­гжей-тегжейлі қарау үшін қала­ның iKOMEK.city порталына өту қажет. Өтініш шешімімен та­ныс­қаннан кейін тұрғынға пікір қалдырып, орындалған жұмыстар сапасын бағалау ұсынылады.

Сонымен қатар әрбір өті­ніш­ке кіру коды келеді, ол уақыт өте келе өтініштің орындалу дәре­жесін қайта қарауға мүмкін­дік береді. Бұл үшін портал арқы­лы өтініштің SD мен кіру кодын енгізіп, атқарылу дәрежесін тексеру қажет. Осы жаңашылдық 109 қысқа нөміріне ұялы телефоннан қоңырау шалу арқылы өтініш беруді жөн көретін тұр­ғын­дарға өтініш бойынша шешіммен онлайн режімде таны­суға мүмкіндік ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, өтінішті балама көздер (WhatsApp және Telegram чат-бот­тары, iKOMEK 109 мобильді қосым­шасы немесе елорда әкімдігінің сайты) арқылы берген жағдайда өті­ніштің орындалу дәрежесі тура­лы хабарландыруларды тұр­ғындар автоматты түрде алады.