• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Бокс 10 Қараша, 2019

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді

271 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) қарсыласын нокаутпен жеңді деп хабарлайды Sports.kz.

Титулдық жекпе-жекте алтыншы раунд техникалық нокаутпен аяқталды.

Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін Фресно қаласында (Калифорния, АҚШ) 39 жастағы канадалық боксшы Альберт Онолуносқа қарсы өткізді. 26 жастағы қазақстандық боксшы өзінің орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын қорғап қалды.

Еске сала кетсек, кеше қазақстандық боксшы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өткенін хабарлаған болатынбыз.