• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 11 Қараша, 2019

Отырыстың негізгі күн тәртібі анықталды

161 рет
көрсетілді

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары ЕАЭО-ға мүше мем­лекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлес­тіру туралы келісімді ратифи­ка­циялауға қатысты заң жобасын қа­райды. Бұл келісім қызмет көр­сету секторларында бағалы қағаз­дар нарығындағы қызмет түр­лерін жүзеге асыруға арналған лицен­зияларды өзара тануды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды.

 Сондай-ақ жалпы отырыста міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы және оған ілеспе заң жобалары екінші оқылымда қаралады деп күтілуде. Ал жұмысқа қабыл­данатын заң жобалары қатар­ында мамандандырылған меке­ме­лердің артықшылықтары мен им­мунитеттері туралы конвенцияны, сонымен қатар тұншықтыратын, улы немесе басқа да ұқсас газдар мен бактериологиялық құрал­дарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттаманы, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжым­дық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екінші хат­таманы, 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жарғы­сына өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы, 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жар­ғысына өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы, 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялауға қатысты құжаттарды айрықша атап өтуге болады.