Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында тараптар Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысын талқылады.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.