• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Қараша, 2019

Дзюдодан «Grand Slam» бәсекесіне қатысатын спортшылар тізімі жарияланды

322 рет
көрсетілді

22-24 қараша аралығында Жапонияның Оскада қаласында дзюдодан «Grand Slam» жарысы өтеді. Бәсекеге қатысатын спортшылар тізімі жарияланды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталған додада ел намысын 10 дзюдошы қорғайды.Ерлер: Рустам Ибраев (-60 кг), Жансай Смағұлов (-73 кг), Жанболат Багтбергенов (-73 кг), Руслан Мусаев (-81 кг), Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг), Айбек Серікбаев (-100 кг), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг).Әйелдер: Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг), Севара Нишанбаева (-57 кг), Зарина Райфова (-78 кг).Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, «Grand Slam» жарысында жеңімпаз атанған спортшыға әлемдік рейтингте 1000 ұпай қосылса, екінші орынға – 700, үшінші орыннан көрінген дзюдошы 500 ұпайға ие болады.