• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Парламент 13 Қараша, 2019

Н. Нығматулин ресми сапармен Вьетнамға барады

137 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 13-15 қарашада ресми сапармен Вьетнам Социалистік Республикасына барады. Бұл туралы Парламент палатасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Сапар барысында Вьетнам Ұлттық Жиналысының Төрағасы Нгуен Тхи Ким Нганмен және осы елдің жоғары мемлекеттік билік органдарының басшыларымен келіссөздер өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ Нұрлан Нығматулин Ханой университетінің профессорлық–оқытушылар құрамымен кездесіп, Абай атындағы ғылыми және мәдени орталығына барады.

Дананг қаласындағы келіссөздер барысында қазақстандық-вьетнамдық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланады. Онда Мәжіліс Төрағасы Вьетнамның экономикалық мүмкіндіктерімен танысады.