• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 13 Қараша, 2019

Сенат депутаттары қоршаған ортаға қатысты мәселелерді талқылады

163 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияға Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Қазақстан 2000 жылдан бастап Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияның қатысушысы болып табылады.

Хаттама ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері туралы алғашқы заңдық тұрғыдан міндетті халықаралық құжат болып табылады. Оның мақсаты жұртшылықтың ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтумен, жұртшылықтың қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны азайту саласындағы іс-шараларға қатысуымен байланысты.

Хаттамаға қосылу жұртшылықтың ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтуді қамтамасыз етеді, жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуына ықпал етеді және Орхус конвенциясын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше басқа мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайтудың қисынды жалғасы болып табылады.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.