• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қараша, 2019

Елорда әкімдігі жыл соңына дейін 40 мемлекеттік қызметті автоматтандыруды жоспарлап отыр

207 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда елордалық әкімдік 179 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның 56-ы электрондық үкімет порталы арқылы толық автоматтандырылған. Жыл соңына дейін тағы 40 мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Асқар Әмрин 2019 жылдың 10 айында ведомство қызметінің ашықтығы мен айқындылығы бойынша әкімдік жұмысының қорытындылары туралы айтып берді.

«2 жыл ішінде үдерістерді оңтайландыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді жойды және басқаруды цифрландыру жағына белсенді түрде жылжып келеміз. Бүгінгі таңда елорда әкімдігі 179 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның 56-ы egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандырылды, сондай-ақ 57 ішінара egov.kz портал арқылы қолжетімді және ХҚО арқылы қайталанады», – дейді әкім орынбасары.

Оның айтуынша осы жылдың басынан бері елорда әкімдігі 3,5 млн электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсетті, бұл 2017 жылдың көрсеткіштерінен 5 есе жоғары.

«Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және келесі жылдың соңына дейін тағы 40 мемлекеттік қызметті автоматтандыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, біз әкімдіктің ашықтығы бойынша жұмыс істейміз. Біз аудандық әкімдіктерде ашылған «Open akimat» тәсілін енгізе бастадық және коммуналдық қызметтер ұсыну бойынша iQala орталықтары мен әлеуметтік сипаттағы қызметтерді ұсыну бойынша «Жанұя» орталығы ашылды», дейді әкім орынбасары.

Ол сөз арасында үдерістерді оңтайландыру және кедергілерді жою шеңберінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға мүмкіндік беретін «тар мойынды» талдап, іздедік. Мысалдардың бірі – қалалық желілерге қосылу қызметтері.

«Бұрын бәрі ашық емес, жабық болды. IQala ашылуымен біз коммуналдық қызметтердің барлық фронт-кеңселерін біріктірдік және ыңғайлы кеңсені ғана емес, қызметтерді алу үшін ашық алаңды да ұсындық. Сіздерді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп отырамын», деп тоқталды Асқар Әмрин.