• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Руханият 04 Желтоқсан, 2019

Жаңа емле ережесі түсіндірілді

900 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа әліпби: БАҚ мүмкіндігі мен мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.

– Мұндағы мақсат – Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі ретінде қалыптасу бағытында жасалуға тиіс жұ­мыс­тың бір саласы – қазақ әліп­биін латын графикасына көші­ру барысында, бұқаралық ақпа­рат құралдарына жаңа емле ере­жесін түсіндіру және әліпби ауыс­тырудағы БАҚ қызметін айқындау еді, – деді орталық басшысы Әлібек Асқар мырза.

Одан кейін семинарға қаты­су­шыларды қазіргі таңда атқа­рылып жатқан жұмыстар жайлы хабардар еткен Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Айнұр Мырзабекова, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасы мақұлданған күннен бас­тап еліміз көлемінде 380 тре­нер-оқытушы дайындық курсынан өткенін, сонымен қатар өңірлерде ұйымдастырылған дәрістерге 1117 адам қатысып, істі оңтайландыру үшін жаңадан Qazlatyn.kz ұлттық порталы құрылғанын, үйренушілерге ар­нал­ған электронды оқу құрал­дары, бейнероликтер әзірленгені жайлы мәлімдеді.

Сондай-ақ министрлік өкі­лінің айтуынша, Президент әліпбиді жетілдіруге қатысты пікір біл­дір­ген күннен бас­тап, жеке адам­дар, тіл білімі ға­лымдары мен әртүрлі сарапшылардан ұсыныстар үздіксіз келіп жатыр екен. «Оларды жинақтап ұлт­тық комиссия жанындағы орфо­графиялық жұмыс тобының тал­қылауына ұсынып жатырмыз» деді Айнұр Айыпқызы.

Сонымен бұл реткі семинар кеңестің алғашқы баяндамасын жасаған Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың ғалым-хатшысы Анар Фазылжанова, жиынға қатысушы баспасөз өкілдеріне бұқаралық ақпарат құралдарында кірме сөздері немесе шет тілдерден енген тер­мин­дерді латын-қазақ әліпбиі бойын­ша жазудың үлгі-өнегесін түсіндірді. 

Одан кейін «Латын әліпбиін меңгерудегі ІТ жобалары» ат­ты тақырыпта кең тынысты та­ныс­тырылым жасаған орта­лық­тың қоғаммен байланыс бас­қармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы, Qazlatyn.kz ұлттық порталы негізінде жасалып жат­қан әдістемелік жобаларды түсін­дірді. Мұнда тілдің орфоэпия­сы, граматологиясы қатарлы заң­дылықтарды сақтаудың әдіс-тәсіл­дері, сонымен қатар тіл­ді компьютерлендіру және электронды аудару мәселелері көпші­лікке түсіндірілді.