• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Шілде, 2013

Білім мен өндіріс одағы

365 рет
көрсетілді

Қазақстанның бәсекеге қа­бі­летті отыз елдің қатарына кіруі сынды жоғары мақсатқа жету республиканың барлық өңірлерін тең дәрежеде дамытпайынша мүмкін болмайды. Соған байланысты Кедендік одақ шарттары мен Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі қарсаңында өңірлердің даму бағыттарын айқындап алу мәселесі аса өзекті болып табылады.

 

Жақында Өскемен қала­сын­да өткен Алматы, Шығыс Қа­зақстан, Қарағанды және Пав­­лодар облыстарының өңіраралық интеграциясы форумында Премь­ер-Министр Серік Ахме­­тов те аймақтардың өзара бәсе­ке­ге қабі­лет­тілігін арттыру ше­шім­­де­рін табудың жаңа дең­гейге көте­ріл­­генін атап көрсетті. Фо­румға қатысушы өңірлердің елі­міздің 40%-ға жуық жерін алып жатқанын, республика халқының үштен бірі осы өңір­­лерде тұратынын және жалпы ішкі республикалық өнімнің 19%-ын осы облыстар беретінін айта келіп, өзара байланыс жасауға аса күшті әлеуеттері бар екендігін атап өтті. С.Ахметов өңірішілік кооперацияны дамытуда жергілікті атқарушы органдардың ерекше рөлін атай отырып, аймақтық даму мәселесіне жаңа көзқараспен келу қажеттілігін ескертті.

Өңір дамуының әлеуметтік-экономикалық бағдарламасының нәтижелі жүзеге асуында жер­гі­лікті билік саясатының да маңызды рөл атқаратыны белгілі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегия­сына өңірлік саясаттың жаңа идеологиясы – «полярлық даму» тұжырымдамасы негіз болған, онда аймақтық және ғаламдық нарыққа шыға алатын, елдің барлық қалған өңірлерін «локомотив» тәрізді алға тарта алатын, динамикалық түрде дамушы өңірлер мен қалалар «өсу полюстары» болуы тиіс екендігі белгіленген.

Ұлттық экономиканың ке­шен­ді даму бағдарламасына сәй­кес елдің әр өңірінде бағдар­ла­малар қабылданған, олар – Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инно­ва­циялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мем­ле­кет­тік бағдарламасы, «Ин­­дус­трия­лан­дыру картасы», «Биз­нестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020», «Ақ-бұлақ» және т.б.

Аталған бағдарламалардың нәтижелілігі көп жағдайда өңірдегі нарықтың ашықтық дәрежесімен, өңірлік экономиканың құры­­­лы­мымен, шаруашылық субъекті­лерінің белсенділігімен (кәсіп­­­орын­дар, университеттер, жергі­лікті билік органдары, қоғам­дық бірлестіктердің), нарық инфра­құрылымымен, оның ішінде өңір­дің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарымен байланысты басқарудың тиімді жүйесімен анықталады.

Осы тұрғыдан келгенде, Шығыс Қазақстан облысы елі­міздің жетекші өңірлерінің бірі бола алатындай маңызды бәсе­келестік артықшылықтарға ие. Біздің облысымыздың негізгі бәсекелестік артықшылықтарына тиімді географиялық орналасуы, тау-кенбайыту және метал­лургиялық өнеркәсіп үшін минералдық шикізаттың болуы, түсті металлургия және металл өңдеудің маңызды технологиялық әлеуеті, орман және энергетикалық қордың болуы, жоғары білікті мамандардың болуы, салыстырмалы түрде жұмыссыздықтың төмен деңгейі, туризмді дамытуға ыңғайлы ерекше рекреациялық жағдайлардың болуы жатады.

Экономикасының базалық саласы түсті металлургия болып табылатын облыстың эконо­ми­калық өсуіне пайдалы кеннің бай орындарының болуы ыңғай­лы жағдай жасайды. Шығыс Қазақ­станның өнеркәсіп әлеуетінің 60% осы саланың үлесіне тиеді. Облыста өндірілген қорғасынның үлес салмағы республикалық көлемнің 98,4%-ын, мырыш – 96,6%-ын, алтын – 56,1%-ын, күміс – 15,7 %-ын құрайды. Өңірде қазақстандық титан, магний, тантал, бериллий мен атом электростансалары үшін отынның 100 пайызы өндіріледі.

Шығыс Қазақстан өнеркәсібі дамыған өңір болып табылады. Машина жасау, энергетика, жеңіл және азық-түлік, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру қарқынды дамуда. Жалпы өңірлік өнім көлемі соңғы 5 жылда 2 есе өсіп 983,7 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыс респуб­ликада 6-орында.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 6,3%-ға өсіп, 229,8 млрд. теңгені құрады. Ауыл және орман шаруашылығы, аңшылық, балық аулау және өсіру бойынша облысқа жалпы өнімнің 8%-ы тиесілі.

Адам капиталының сапалық өсуін ең алдымен білім сала­сы анықтайды. Кәсіби білік­тілік тұрғысынан қандай маман­дар­дың даярлануы, болашақ жеткіншектердің қандай өнеге, адамгершілік және отаншыл­дық қасиеттерге ие болуы, бірін­­ші кезекте білімнің дамуы­на тәуелді. Адам капиталы­на қа­тысты инвестицияның ай­мақ­­тық аспектідегі мәселесін шешу С.Аманжолов атындағы Шы­ғыс Қазақстан мемлекеттік уни­­­­верситетінің 2012-2020 жыл­­дар­­дағы Стратегиялық жоспа­ры­ның басым бағыттарының бірі болып табылады.

Соңғы 11 жыл деректерінің талдауы бойынша: макродеңгейде білім тиімділігі өсуде. Егер білім қорының 1 теңгесіне есептегенде ЖҰӨ өсуде болса, ал ЖҰӨ бір бірлігіне есептегенде білім қоры төмендеуде. Білім үдерісінде белгілі мәселелердің бары айқындалады. Біздің ойымызша, осындай көріністің себебі – жоғарғы басқару буыны мен нақты өндіріс үдерісін атқаратын қызметкерлерге еңбекақы тө­леу­дегі тепе-теңсіздік, тура тә­уел­діліктің болмауы, қисынсыз алшақ­тықтың болуы.

Кәсіби дайындықты жоғары оқу орындары жасайды, бірақ ПОҚ еңбекақысын төлеу басқа салаларға қарағанда біршама төмен. Дамыған мемлекеттерде бұл жағдайға бірінші кезекте мән беріледі. Ал біздегі ұстаным бойынша білімге деген шығындағы ЖҰӨ үлесі жылдан-жылға тө­мен­деуде.

Адам капиталына салынған жұмсалымның экономикалық қайтарымының ерекшеліктері бар. Уақыт өте қызметкердің өндірістік құндылығы өседі, сондықтан бүгінгі күннің талабына сай оларды қайта даярлауға қаражат салу қажет. Осыған орай С.Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында Біліктілікті бекіту орталығы қызмет атқаруда. Орталықтың мақсаты – білім саласында біліктілікті көтеру және растау, білім үдерісіне қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін, олардың қызметінің нәтижесін арттыру, сарапшылықтың тәуелсіз жүйесін жасау. Қазіргі таңда орталық негізінде әртүрлі ұйым, мекеме және кәсіпорындардың 500-ден астам қызметкерлері біліктілікті көтеру және қайта даярлаудан өтті.

Облыстың табысты дамуымен қатар, бірқатар шешілмеген мәселелері бар. Олардың бастылары: экономиканың шикі­­­заттық бағыты, түсті метал­­лур­гия саласында 1-2 өнім түр­лерін өндірудің басым болуы, дүниежүзілік экономика мен интеграцияның әлсіз­дігі, ел ішіндегі салааралық және аймақаралық экономикалық шоғырланудың төмендігі, жергі­­лікті тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге сұраныстың төмен болуы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жетікіліксіз дамуы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық жағынан артта қалуы, өндіріс пен ғылым байланысының болмауы.

Осы мәселені шешу үшін Шығыс Қазақстанда белсенді ғылыми және инновациялық саясатты жетілдіруге жағдай жасайтын индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру жүзеге асырылуда. Бұл істің табысты болуына облыстың жоғары оқу орындарының қосар үлесі аз емес. Облыста 9 университет қызмет атқаруда, соның ішінде Қазақстанның басты оқу орын­­­дарының бірі болып табылатын С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың өңір өнеркәсібіне өндірістік-техникалық және инновациялық идеяларды енгізуге зияткерлік және ғылы­ми әлеуеті жеткілікті. Универ­ситеттің ғылыми-зерттеу жұ­мыстары ұжымдық қолдану­дағы Ұлттық-ғылыми зертханасында, экологияның оқу-ғылы­ми-зерттеу орталығында, гума­ни­тарлық ғылымдардың оқу-ғы­лыми-зерттеу орталығында және университеттің 28 кафедрасында жүзеге асырылады.

2013 жылы университет қызметкерлері мен ПОҚ орын­даған ғылыми жұмыстың көлемі 154296 млн. теңгені құра­ды. Уни­вер­ситетте іргелі және қолдан­балы зерттеулер 16 бюд­жеттік (87 535 млн. тг.), 6 шаруа­шылық келісім (28 696 млн. тг.) тақырыптары бо­йынша жүргі­зілуде. ЮНИСЕФ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (9 960 млн. тг.) бойынша 2 жоба ұтып алынды. Соңғы жылда ұжымдық қолданудағы Ұлттық-ғылыми зертханасының базалық қаржылан­­­дыру көлемі 28 млн. теңге­ні құ­рады. ҚРБжҒМ Ғылым коми­­­теті­нің қаржыландыруымен ННТХ «Парасат» АҚ тапсыры­сы бойынша 1 жоба және «ННТХ «Парасат» АҚ-пен бірлесіп «НАТР» АҚ-ның 2 инно­­вация­­лық гранты жүзеге асырылуда. ЖОО 2013 жылы Ғылым коми­теті жариялаған гранттық қаржы­ландыру конкурсында 3 жобаны жеңіп алды. Технологияны коммерциялау кеңсесі одан әрі коммерциялау үшін 17 жобаның тұжырымдамасын ұсынды, 10 жоба бойынша тұжырымдама негіздемесі алынды.

Ғылыми-зерттеу нәтижелері облыстың ғылыми және инно­­ва­циялық әлеуетін қалыптас­ты­­руға ғана емес, сонымен қатар, қоғамның мәдени және мо­раль­­дық тәртібіне де өз әсерін ти­гізуде. Профессорлық-оқыту­­шы құрам қоғамдық бас­тамада лекторлық топтың құра­мында «2050-индустриалды-инновация­­лық даму страте­гия­сының» негіз­гі мақ­саттарын жүзеге асыру бары­сын­да түсіндіру жұмыстарын атқаруда.

Өңірде шағын және орта биз­нестің дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен» бірлесіп «Биз­нес-