• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік күніне орай бүгін Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

256 рет
көрсетілді

16 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында «MTK Global Kazakhs­tan» компаниясының мұрындық болуымен өтетін кәсіпқой бокс кеші қарсаңында спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласы әкімдігі және бірқатар компаниялардың қолдауымен ұйымдастырылып отырған айтулы жарыста 12 жекпе-жек өтеді.   

 

Атап айтсақ, екінші жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық Мирасәлі Сәрсенов (1-0, 1 КО) әзірбайжандық Асқар Рагимовпен (3-3, 1 КО) қолғап түйстіреді.

 

Бірінші жартылай орта салмақтағы Нұрдос Төлебайдың (1-0) да қарсыласы дәл сол мемлекеттен. Ол Рамиз Маммадовпен (1-0) күш сынасады.

 

Жеңіл салмақтағы Рай Сейтжанов (1-0) грузиялық Гиорги Абуладземен (11-1-9, 4 КО) айқасады.

 

«MTK Global Kazakhs­tan» командасы сапындағы бірінші жартылай орта салмақтағы әйгілі өзбек боксшысы, Олимпиада чемпионы Фазлиддин Гаибназаров (7-1, 4 КО) Филиппин елінің өкілі  Райан Сермонамен (21-1-10, 14 КО) шеберлік байқасады.

 

Сондай-ақ, өзге бәсекелер мына былғары қолғап шеберлері арасында өтеді:

 

Ескендір Харсан (Қазақстан, 7-0, 6 КО) – Томас Эссомба (Камерун, 9-5, 3 КО), аса жеңіл салмақ

 

Нұртас Әжбенов (Қазақстан, 7-0, 3 КО) – Лэнди Крис Леон (Филиппин, 13-20-5, 6 КО), жеңіл салмақ

 

Елшат Нығметолла (Қазақстан, 15-0-1, 5 КО) – Крис Альфанте (Филиппин, 17-7-1, 9 КО), аса жеңіл салмақ

 

Абай Төлеш (Қазақстан, 4-0, 3 КО) – Томаш Безвода (Чехия, 8-10, 5 КО), орта салмақ

 

Хуршид Тожибаев (Өзбекстан, 3-0, 2 КО) – Айзек Джуниор (Индонезия, 26-13-3, 9 КО) екінші жартылай жеңіл салмақ

 

Алиу Бамиделе Ласиси (Нигерия, 13-0, 8 КО) – Хамсон Ламандау (Индонезия, 10-4-1, 7 КО) екінші жартылай аса жеңіл салмақ

 

Ал осы бокс кешінде екі бірдей алтын белбеудің сарапқа салынатынын естеріңізге сала кетейік. Тарқатып айтсақ, әлі ешкімнен жеңілмеген жеңіл салмақтағы қазақстандық Виктор Коточигов (10-0, 4 КО)  өзіне тиесілі WBC International нұсқасының чемпиондық тәжін қорғап қалу үшін Аргентинаның азулы боксшысы Хавьер Хосе Клаверомен (27-5, 5 КО) күш сынасады.

 

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы Сұлтан Зәуірбек (8-0, 6 КО) WBC Youth World Champion нұсқасының алтын белбеуі үшін қытайлық Лешан Лимен (16-3-2, 9 КО) жұдырықтасады.