«Азия-Еуропа» форумына қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлерінің 14-ші кеңесінің (СІМК) алаңында Қазақстан Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Мұхтар Тілеуберді Ирландия, Люксембург, Латвия, Индонезия, Польша, Венгрия, Болгария, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Сингапур, Таиланд және Словакия СІМ басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
- Әріптестер Министр М. Тілеубердіні ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің халқына одан әрі өркендеу мен ілгерілеу тіледі, - делінген хабарламада.