Осы күндері Астанада теннистен Қазақстан Республикасының Президент кубогы жолында өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық турнирде Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин жартылай финалға шықты.
Голубев түрік теннисшісі Марсель Елханды екі сетте 7:6 және 6:4 есептерімен ұтса, біздің турнирдегі тағы бір үмітіміз Михаил Кукушкин ширек финалда ресейлік Теймураз Габашвилиді 6:4, 6:3 етіп жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұдан басқа, украиналық Иван Сергеевті ұтқан израильдік Дуди Села да жартылай финалға шықты. Оның қарсыласы ресейлік Константин Кравчук пен белорус Дмитрий Жирмонттың арасында өтетін кездесуде анықталады. Ал жұптық кездесуде екеуі жартылай финалда ресей-украиналық Александр Кудрявцев және Иван Сергеев дуэтімен сынға түседі. Бұған дейін финалға қос итальяндық теннисші жолдама алған болатын. Егер отандастарымыз қарсыластарын жеңсе, онда финалда Рикардо Гедин мен Клаудио Грассимен күш сынасады. Ал қыздар, өкінішке қарай, бізді жеңістерімен әлі қуанта алмай отыр. Турнирдегі басты үмітіміз Ксения Первак бірінші кезеңнен аса алмай, француз қызы Ализа Лимге есе жіберді.
Турнир 28 шілдеге дейін жалғасады. Оның жүлде қоры 225 мың АҚШ доллары. Жеңімпазға соның 18 мың АҚШ доллары беріледі.