• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
29 Шілде, 2013

Көксу көркі – көкөніс

349 рет
көрсетілді

Тақырыпқа шығарылған атауына сай бұл жердің айналасы көкөніс өсіруге жаратылғандай-ақ. Соған орай жергілікті тұрғындардың негізгі шаруашылық бағыты да осы. Ауыл алдымен картобы арқылы алысқа аян. Көп ретте екінші нан делінетін бұл өнім де бір тәуірі, облыста жетіп-артылады.

 

Тақырыпқа шығарылған атауына сай бұл жердің айналасы көкөніс өсіруге жаратылғандай-ақ. Соған орай жергілікті тұрғындардың негізгі шаруашылық бағыты да осы. Ауыл алдымен картобы арқылы алысқа аян. Көп ретте екінші нан делінетін бұл өнім де бір тәуірі, облыста жетіп-артылады.

 

 

Өңірде картоп өсірумен шұғылданатын шаруашылықтар оншалықты көп емес. Соның өзінде аймақ тұрғындарының дастарқаны қысы-жазы одан бос болмайды. Ал бұлай болуға Абай ауданының аталған ауы­лын­да орын тепкен «Астро-Агро» ЖШС-ның үлесі үлкен. Өйткені, облыстың картопқа сұранысының 53,2 пайызын бір өзі өтесе, сондай-ақ көкөніспен 74,3 пайызға қамтамасыз етеді.

Серіктестікте биыл 365 гектар танапқа картоп отырғызылды. Бұл жылдан жылға ұлғайып келе жатқан көлем. Жақында осында өткен « Егістік алқабы» күнінде оған қатысуға алды сонау Голландиядан келушілер өздеріне етене жақын дақылды өсірудегі ізденістер мен жетістіктерге ризалық білдірді. Жалпы, мұнда олардың жолдары жиі түсіп тұрады. «Астро-Агро» мен Еуропаға белгілі «Солон» фирмасының арасындағы картоп тұқымын өсіру бойынша іс бірлесіп жүргізілетіндіктен мұның еш таңсықтығы жоқ.

Тұқым демекші, көксулық картопшылар оның жергілікті ауа-райы ерекшелігіне лайық­талған тұқымын дайындайды. 40-қа жуық сортының таңдалған түрін алып, отырғызуға еліміз қай өңірлері тұтынушысының мүм­кіндігі бар. Күзгі жиын-терімнен кейін арнайы сұрыпталып, сақтауға қойылатын 7 мың тұқым сатып алынуға дайын.

Александр Шимпф жетек­ші­лік етуші серіктестік картоп­тың гектарға шаққандағы шы­ғымдылығын үстемелете өсіруімен де белгілі. Мәселен, облыстағы тектес шаруашылықтарда орташа өнімділік әр гектарына 181 центнерден айналса, ал «Астро-Агрода» 350 центнерден кем соқпайды. Мұндай мол жеміс жыл сайын 15 мың тонна картоп жинап алуға мүмкіндік беріп жүр. Бұған дейін осынша өнімді сақтау мәселесі қиындық келтіретін. Былтыр сыйымдылығы 8 мың тонналық қойманың салынуы картопты жиналған қалпында ұзақ сақтауға мүмкіндік бермек.

Көксулықтар бүгінде ал­дағы күздің берекелі болуынан үлкен үміт күтулі. Жаздың жауын-шашындылығына байланысты өнімнің тез жетілуі, агротехникалық талаптардың мүлтіксіз орындалуы, жиын-терім жұмыстарына жан-жақты дайындалу картоптың жылдағыдан молынан алынуына сенім арттырып отыр.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Қарағанды облысы,

Абай ауданы.