• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Шілде, 2013

«Аралда» қалған ауылдар

429 рет
көрсетілді

«Алло, біз Алматы облысы, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарына қарасты Бәйтерек ауылы және Автомобилист, Медик 3, Гвоздика, Луч бау-бақша бірлестіктерінің мыңдаған тұрғындарымыз. Бірінің аты елге естілсе, екіншісі халыққа көрсетілмейтін құжаттарында ғана жазылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік және тағы басқа құрылымдар алып экскаваторларымен ауылдарымызды айналдыра 7-8 карьер қазып, күндіз-түні тынбай 40 тонналық КамАЗ автокөліктерімен тасымалдауда. Үйімізге кірген шаң-тозаң, ішіп отырған тамағымызға түсетін тас-құмды айтпағанда, күннен күнге баспанамы

 

«Алло, біз Алматы облысы, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарына қарасты Бәйтерек ауылы және Автомобилист, Медик 3, Гвоздика, Луч бау-бақша бірлестіктерінің мыңдаған тұрғындарымыз. Бірінің аты елге естілсе, екіншісі халыққа көрсетілмейтін құжаттарында ғана жазылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік және тағы басқа құрылымдар алып экскаваторларымен ауылдарымызды айналдыра 7-8 карьер қазып, күндіз-түні тынбай 40 тонналық КамАЗ автокөліктерімен тасымалдауда. Үйімізге кірген шаң-тозаң, ішіп отырған тамағымызға түсетін тас-құмды айтпағанда, күннен күнге баспанамызға жақындап келе жатқан жар қай күні опырылып, жауын суымен үйімізбен бірге қайда ағызып әкетер екен деген үрей маза бермейді.

Шағымданбаған жеріміз қалмады. Соңғы үмітіміз ел газеті «Егеменде»...» деп ашынған ауыл тұрғындары телефон соққан соң, Алматының дәл іргесіндегі Бәйтерек ауылына бардық. Ауылдардағы орталық кө­ше­лерді тұрақты жолына айнал­ды­рып алып, қарыс қадам жерді көрсетпейтін шаңды қақ жара ек­піндей өтетін көліктердің кей­бірі­нен қап-қабымен күл-қоқыс шашылып жатқанын да көрдік. Ең қауіптісі сол, алып көліктердің астына бала-шаға түсіп кете ме деп шошынған тұрғындарды мазасыздық билеп, күндіз жұмы­сы­ның берекесі кетсе, түнде ұй­қыдан қалғаны көрініп-ақ­ тұр. Карьерлер ешқандай келі­сімсіз қазылып, экологиялық қауіпсіздікті айтпағанда, сани­тар­лық-эпидемиологиялық талаптар өрескел бұзылып, күл-қо­қыс жауын суымен шайыла өзенге барып құйылатыны тағы бар. Осыдан бес жыл бұ­рын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Бас прокуратурасының қорытындысымен осы карьер қазылып жатқан жер ауыл тұрғындарының тыныштығы үшін жабылған екен.

Шағымданбаған жеріміз қалмады. Соңғы үмітіміз ел газеті «Егеменде»...» деп ашынған ауыл тұрғындары телефон соққан соң, Алматының дәл іргесіндегі Бәйтерек ауылына бардық. Ауылдардағы орталық кө­ше­лерді тұрақты жолына айнал­ды­рып алып, қарыс қадам жерді көрсетпейтін шаңды қақ жара ек­піндей өтетін көліктердің кей­бірі­нен қап-қабымен күл-қоқыс шашылып жатқанын да көрдік. Ең қауіптісі сол, алып көліктердің астына бала-шаға түсіп кете ме деп шошынған тұрғындарды мазасыздық билеп, күндіз жұмы­сы­ның берекесі кетсе, түнде ұй­қыдан қалғаны көрініп-ақ­ тұр. Карьерлер ешқандай келі­сімсіз қазылып, экологиялық қауіпсіздікті айтпағанда, сани­тар­лық-эпидемиологиялық талаптар өрескел бұзылып, күл-қо­қыс жауын суымен шайыла өзенге барып құйылатыны тағы бар. Осыдан бес жыл бұ­рын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Бас прокуратурасының қорытындысымен осы карьер қазылып жатқан жер ауыл тұрғындарының тыныштығы үшін жабылған екен. Бірақ жергілікті шенеуніктер ол қорытындыға да, елдің жанайқайына пысқырмай түпкі құжаты ауыл шаруашылығы саласы жұ­мыс­тарын жүргізу мақсатында пай­далануға берілген жерді жеке кәсіпкерлер меншігіне деп, олар құрған жауапкершілігі шектеулі серік­тестіктер түрлі құжаттарға сүйе­не жалға алып пайдаланылуда. Елдің қолында облыстық, республикалық құзырлы құрылымдардан берілген құжат болса, ал карьерді жалға алып пайдаланушыларда аудандық жер қатынастары бөлімінің құжаты ғана бар секілді, өйткені олар ел жиналған жерге келіп бізге құжаттарын көрсете алмады. Сонда кімдікі заңды?

2007 жылдан бері осы карьерден зардап шегіп келе жатқан ауылдар құдды аралда қалған тәрізді. Арал тәрізді дейтініміз, Алматы – Нарынқол күрежолының бір қалтарысында небары 2-5 шақырым жерде орын тепкен ауылдарды тереңдігін шамамен 20, енін 10 метр етіп айналдыра бірін екіншісі жалғаған карьерлер қа­зыл­ған. Тұрғындар бала-шаға, шал-кем­пір зарын айтып аудан, облыс қана емес Бас прокуратураға биыл тағы да хат жазған екен, жетпепті. Құзырлы орындар ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға белгіленген жерді неге карьер қазуға бере ді? 2008 жылы тұрғындарға Алматы облыстық прокуратурасының бұл карьер жұмысын тоқтату жөніндегі мәселеге нүкте қойылғандығын хабардар еткен хат жыл құсындай болып ауылға келгенін халықтан естідік. Санитарлық-эпидемиологиялық стан­саның да сондай мәтіндегі хаты бар екен. Бірақ карьер жұмысы әлі тоқтаған жоқ. 2008 жылы осы ауыл аумағынан тұрғын үй құрылысын салу үшін 50 адамға Бәйтерек ауылдық округі әкімдігінен ресми түрде рұқсат берілген. Соған сәйкес құрылыс жұмыстары мен дәл бүгінгі таңда жұмысы қайнап жатқан жеке кәсіпкер «Хашиева Р» карьерінің арасы 600 метр жер. Кезінде шаруа қожалықтары меншігіне беріліп, әр-әр жері қазылып тасталған жердің ортасындағы елді ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған бас құбыр жеке адам иелігінде. Егер карьер жұмысы тоқтатылмай, тереңдігі 50-60 метрге жетсе бас құбырдан су шықпай қалатынын дәлелдеудің қажеті жоқ. Ауылды электр жарығымен қамтамасыз етіп отырған станса да сол жерде тұр. Негізі бұл карьер кеңестік дәуірден қалған. Қазір жан-жаққа созыла ауылдарды ортасында қалдырып отыр. Осы екпінінен таймаса, ауылдарға қатынасатын жол да қиылады.

Тұрғындардың бастауымен карьерге бардық. Қарапайым халыққа доңайбат көрсетіп, қожайын іспетті болып жүрген өкіл газетке сұхбат беру түгілі аты-жөнін айтпай қашты. Ал, Бәйтерек ауылдық округі әкімдігіне бюджеттік мекемелерде қызмет істейтін тұрғындар «жеп отырған нанымыздан айырылатын жағдайымыз жоқ» деп барудан бас тартқанымен, жалпы халықпен бірге келсек, тұрғындар көтерген өзекті мәселеге қатысты ешқандай жа­уап бере алмайтын жетекші маман Қабылбек Оразбекұлы ғана бар екен. Жұмыс уақыты болса да ауылдық округ әкімі Осман Абубов та, оның орынбасары да, өзге мамандары да қызмет орнында жоқ. Ұялы телефондары да сөндірілген. Бұл қалай? Осы мәселеге тиісті орындар не айтар екен? Біздің қолымызда жоғарыда аталған бес елді мекеннің мыңдаған тұрғындары үкілі үміттерін арта мұқият тапсырған, яғни ауыз су, жол, электр жарығы, күл-қоқыс төгетін орын мәселелерін көтеріп прокуратура органдарына, әкімдіктерге, салалық департаменттер мен басқармаларға жазған 12 арызға ауылдық округ, аудандық, облыстық әкімдіктер мен аудандық, облыстық прокуратура, тіпті Бас прокуратура тарапынан жазылған 12 жауап хатпен қатар заңнама талаптарын түсіндірген ережелерден құралған А-4 форматты 143 беттік қағаз бар.

Қорыта айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылының тұрғындары Бибігүл Мәлікова,Ольга Кнуренко, Жұмабек Ақылбеков, Талғар ауданы, Медик, Луч, бау-бақша бірлестіктерінің тұрғындары Тамара Куприна, Хабибат Маго­ме­дова, Юрий Яковлев деп тізбеленетін 63 адамның (диктофондағы сұх­бат­тары өз алдына) ашынып отырып жазып, жеке қолдарын қойып бізге берген арыздарында негіз бар. Шындық. Нақты дерекке дәйектеме кел­тіре жазылған. Шығарып салма жауаптар жоғарыдан төменге сырғи келе орындалмай қалып келген. Қазба байлықтарын пайдалану тәртібі жөніндегі түсіндірмелер халықтың қолына тигенімен, іс жүзінде орындалмайтыны да жасырын емес.

Тоқ етері өркениетке қадам басқан еліміздің экономикалық тұр­ғыдан өсуіне, ауыл шаруашылығы және тағы да басқа салалар бойынша өркендеуіне Алматы облы­сы­ның қосып отырған үлесі қомақ­ты. Сол жетістікті әлгіндей келең­сіздіктерімен кері тартып отырған әлеуеті зор, мүмкіндігі мол ауылдық округтің жағдайы осындай. Бұған тиісті орындар не айтар екен?

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы,

Еңбекшіқазақ ауданы,

Бәйтерек ауылы.