Көргеміз жоқ ескі жылда біз тапшылық,Әйтсе де күннен күнге қымбатшылық.
Алды-артына қарамай,Баға қайда барады-ай.Жалақымыз бір көйлек,Қалды алуға жарамай.А-ха-хау, жалған-ай,Мол табыс арман-ай!
«Жалақымыз өсті» деп алақайлапЖүр едік, нарық кетті талапайлап.
Жаратпаған мұңсыз ғып…Бұл не деген құнсыздық.Нарығыңда парық жоқ,Үкіметте – үнсіздік.А-ха-хау, жалған-ай,Жаңа жыл-ай, Жаңа жыл, Баспана арман-ай!
Үміт ЗҰЛХАРОВА
АЛМАТЫ