• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Шілде, 2013

Қырық құбылған қылмыс әлемі оған қарсы үздіксіз күресті талап етеді

310 рет
көрсетілді

Кеше Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) агенттігінің 2013 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті. Оған агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелердің басшылық және жеке құрамдары байланыс жүйесі арқылы қатысты.

 

Кеше Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) агенттігінің 2013 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті. Оған агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелердің басшылық және жеке құрамдары байланыс жүйесі арқылы қатысты.

Алқаның жұмысын ашқан агенттік төрағасы Рашид Түсіп­беков: «Бірінші жартыжылдық бойынша жұмыстың нәтижелері біздің барлық негізгі бағыттар бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізгенімізді негіздейді», деді.

Р.Түсіпбековтің айтуынша, ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу 25 пайызға өскен, сыбайлас жем­қорлық қылмыстар 8 пай­ыз­ға асыра анықталған. Сыбайлас жем­қорлық қылмыстар үшін жауап­кершілікке тартылған тұлғалардың саны 20 пайызға артқан. Ал жүйелі жемқорлық фактілері бойынша 221 қылмыстық іс қозғалған.

Өткен жылы экономика са­ла­сындағы қылмыстардың бір бөлігі декриминализацияланды. Қаржы полициясы өз жұмысын қауіптілігі жоғары экономикалық қылмыстарды ашуға бағыттады. Осындай фактілер бойынша 3198 қылмыстық іс қозғалды. Олардың барлығы дерлік көлеңкелі экономика саласына жатады. Ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес ба­ғы­тында да оң өзгерістер орын ала бастаған. Осы санаттағы 26 қыл­мыс­тық іс қозғалған. Бұл өткен соңғы жылдың қосарланған көр­сет­кішінен де асады.

Осылайша Қаржы полиция­сы жалған кәсіпкерлікпен кү­рес нәтижесінде бюджетке түсе­тін салықтарды да көбейтті. Баян­да­ма­шының айтуынша, жалған кәсіп­керлік пен жалған мәмілелер жасау фактілерін анықтау 5 есе артқан. Жалған мәмілелер жасау үстінде алаяқтарды ұстау 3 есеге дейін көбейген. Нәтижесінде екінші деңгейлі банктерде қолма-қол ақшаға алмастырылған қаражаттың соммасы 605 млрд.теңгеден 511 млрд.теңгеге дейін немесе 16 пайызға азайған. Ал бұрын қаржыны қолма-қол ақшаға ауыстыру тұрақты түрде өсіп отырған. Қаржы полициясының осы бағыттағы жұмысының жандануы, сонымен қатар шағын және орта бизнестен бюджетке түсетін салықтардың 27 пайызға артуына өз әсерін тигізді. Бюджеттен қосымша құн салығын заңсыз кері қайтару қылмыстарын анықтау да 2,5 есе көбейген. Бұл бюджеттен қайтарылатын сомалардың азаюына әкелді. Егер 2012 жылы кә­сіп­керлерге бюджеттен 450 млрд. тең­ге қайтарылса, осы жыл­дың 6 айында 83 млрд.теңге қайта­рылған.

Сондай-ақ, Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы Рашид Тү­сіпбеков алкогольдік өнімнің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды ашу 2 есе артқанын айтты. Жүргізілген жұмыстың ар­қасында бюджетке арақ өнімдерін сатудан акциздік төлемдердің 25 пайызға артқаны байқалады. Бұған қоса, қазір алкоголь өндірушілері шығарылған өнімнің нақты көле­мін көрсетуге және олардан салық төлеуге мәжбүр. Бұған дәлел – елі­міздегі тіркелген алкоголь өнімінің 7 пайызға өсу көрінісі.

Мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын әшкерелеу 3 есе артқан. Нәтижесінде Мұнай және газ министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Атырау мұнай өңдеу зау­ы­тына ғана келіп түсетін шығуы күмәнді мұнайдың мөлшері 2010 жылғы 300 мың тоннадан осы жылғы 1,5 мың тоннаға дейін азайған.

Қаржы полициясында тергеу сапасы да едәуір жақсарған кө­рі­неді. Олардың өндірісінде бол­ған қылмыстық істердің саны өткен жылмен салыстырғанда 36 пайызға артқан, тергеу барысында қысқартылатын қылмыстық іс­тердің саны 15 пайызға төмендеген, қосымша тергеуге қайтарылған қылмыстық істердің саны тіптен азайды. Қылмыстық істерді сотқа жолдау 1,5 есеге жоғарылап, бар­лық аяқталған істердің 80 пайызын құрады. Негізінен оған қаржы полициясында сотқа дейінгі өндірісті жетілдіру бойынша қабылданған шаралар себеп болып отыр.

Барлық бөлімшелерде кезекші офицер лауазымы енгізілді, бекі­тілген жаңа құрылым полицейлік тергеу қағидасының барлық талаптарына сәйкес келеді. Материалдар бойынша тексеріс жүргізу же­дел­дігі артты. Егер бұрын арыздардың жар­тысы дерлік 2 айға дейін тексе­рілсе, бүгін олар бойынша тек­се­ріс 3 тәулікке дейін ғана жү­ре­ді. Қылмыстық іс жүргізудің жеңіл­де­тілген тәртібі кеңінен қолда­ны­луда. Жеңілдетілген тәртіппен аяқталған істердің саны 3 есе көбейді. Ең бастысы, Қаржы полициясы талдау жолымен жалпы залал мөлшері 70 млрд.теңгені құ­рай­тын 200-ден астам қылм