• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қаңтар, 2020

Шымкентте Сенат депутаттары қоғамдық қабылдау өткізді

177 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаттары Айгуль Капбарова мен Нұрлан Бекназаров Шымкентке іссапармен барды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Депутаттар алдымен азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қоғамдық қабылдау барысында бірқатар азаматтардың өзекті мәселелері тыңдалды. Басқосуда негізінен жұмыспен және баспанамен қамту, жерді тиімді пайдалану сияқты әлеуметтік мәселелер көтерілді.

Сенат депутаттары Айгүл Қапбарова мен Нұрлан Бекназаров қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін тыңдап, арыз-шағымды жазбаша қабылдап алды. Алдағы уақытта көтерілген проблемалар заң аясында назарға алынып, жүйелі жауап берілетін болады.

Айта кетейік, қабылдауға тұрғындармен қатар Шымкентке қарасты аудан әкімдері мен жауапты сала мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.