• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қаңтар, 2020

Волейбол: Қазақстан Иран мен Индонезияны ұтты

292 рет
көрсетілді

Бұл күндері Таиландтың Накхонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасында өтіп жатқан Олимпия ойындарының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы қатарынан екінші рет жеңіске жетті. 

Азия аумағында орналасқан бірқатар мемлекет өкілдерінің басын қосқан жарыстың тұсаукесер кездесуінде жерлестеріміз Иран құрамасын 3:0 (25:14, 25:16, 25:14) есебімен ұтқан еді.

Келесі матчты қазақстандықтар Индонезияға қарсы өткізді. Бұл бәсекеде де біздің арулардың басымдығы еш күмән туғызған жоқ. Есеп – 3:0 (25:22, 25:23, 25:18).

Енді отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасымен күш сынасады. Осы жарыстың ережесіне сай әр топта алғашқы екі орынды иеленген командалар жартылай финалға жолдама алады.