Бұл күндері Катардың бас шаһары – Дохада өтіп жатқан халықаралық турнир қазақстандық теннисшісі Михаил Кукушкин үшін сәтсіз аяқталды.
Әлемдік рейтингте 66 орында тұрған жерлесіміз алғашқы айналымда АТР тізімінде 229-сатыға жайғасқан Тунис елінің өкілі Малек Жазириді 6:0, 6:3 тас-талқан еткен еді.
Келесі кезеңде Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте 23-орынға тұрақтаған ресейлік Андрей Рублёвпен күш сынасты. Бұл бәсекеде жерлесіміздің жолы болмады. Екі сеттік сайыс 6:4, 6:2 есебімен қарсыласының пайдасына шешілді.